Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 26 июня 2015 года №197 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма»

Қаулы · № 64 · қабылданған 25.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no197/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 26 июня 2015 года №197 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма» Күшін жойған Қаулы ·№ 64 ·25.03.2016
25.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 26 июня 2015 года №197 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма»

Күшін жойған Қаулы ·№ 64 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 26 июня 2015 года №197 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма»
Атауы (қаз.)
«Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы №197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
64
Қабылданған күні
25.03.2016
Көрсетілген редакция
25.12.2019 101532_694765.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16T0003485
ЭКБ идентификаторы
101532
Редакция идентификаторы
101532_694765
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:57

0 «Туризм саласындағы мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламенттерін
бекіту туралы» Атырау облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы №197 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3267 болып тіркелген, 2015 жылы 11 тамызда «Атырау» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;
1-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
3-тармағының 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы не осы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №495 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11578 болып тіркелген) бұйырығымен бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.»;
көрсетілген регламенттің барлық мәтін бойынша және қосымшаларындағы «ХҚКО», «ХҚКО-ның», «ХҚКО-дан» сөздері «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияның», «Мемлекеттік корпорациядан» сөздеріне ауыстырылсын;
«халыққа қызмет көрсету орталығымен» сөздері «Мемлекеттік корпорациямен» сөздерімен ауыстырылсын;
2-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық жергілікті атқарушы орган – «Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпаратты беру.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №495 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11578 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш негіз болып табылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы Регламенттің 1-қосымшасында, «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы 2-қосымшасында келтірілген.».
көрсетілген регламенттің 1 - қосымшасының оң жақ жоғарғы бұрышы келесі редакцияда жазылсын:
«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1- қосымша;
көрсетілген регламенттің 2 - қосымшасының оң жақ жоғарғы бұрышы келесі редакцияда жазылсын:
«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2- қосымша;
көрсетілген регламенттің 2-қосымшасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы