Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 26 мая 2015 года №27/04 «Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты»

Қаулы · № 66/01 · қабылданған 15.09.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no2704/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 26 мая 2015 года №27/04 «Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты» Күшін жойған Қаулы ·№ 66/01 ·15.09.2016
17.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 26 мая 2015 года №27/04 «Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты»

Күшін жойған Қаулы ·№ 66/01 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 26 мая 2015 года №27/04 «Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты»
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы №27/04 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
66/01
Қабылданған күні
15.09.2016
Көрсетілген редакция
17.07.2020 106633_472597.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16K0003972
ЭКБ идентификаторы
106633
Редакция идентификаторы
106633_472597
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:47

0 Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы

26 мамырдағы №27/04 «Ауылдық елді
мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін
келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін
бекіту туралы» қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы №270 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13950 болып тіркелді) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 27/04 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3298 болып тіркелді, «Орталық Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 2 шілдедегі №107-108 (21993), «Индустриальная Караганда» газетінде 2015 жылғы 2 шілдедегі № 94 (21845), «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 шілдеде жарияланды), келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»;
1-тармағы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса берілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
1-тармағы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі –мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкiлеттi органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.».

3 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау облыс әкімінің бірінші басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы