О внесении изменений в совместное постановление акимата города Аксу Павлодарской области от 26 декабря 2016 года № 1038/11 и решение Аксуского городского маслихата Павлодарской области от 26 декабря 2016 года № 74/10 «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Аксу на общественном пассажирском транспорте (кроме такси)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместное постановление акимата города Аксу Павлодарской области от 26 декабря 2016 года № 1038/11 и решение Аксуского городского маслихата Павлодарской области от 26 декабря 2016 года № 74/10 «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Аксу на общественном пассажирском транспорте (кроме такси)»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 1038/11 және Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 74/10 «Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 405/4
- Қабылданған күні
- 01.06.2022
- Көрсетілген редакция
- 01.06.2022 168578_578020.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22PB028394
- ЭКБ идентификаторы
- 168578
- Редакция идентификаторы
- 168578_578020
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:37
0
Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 1038/11 және Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 74/10 «Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 1038/11 және Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 74/10 «Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5357 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ақсу қаласының мынадай санаттағы азаматтарына қоғамдық жолаушылар көлігі (таксиден басқа) бойынша толық жол жүру билетінің құнынан 50% мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) жасына байланысты зейнеткерлерге;
2) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:
- қатерлі ісік аурулары бар тұлғаларға;
- туберкулез ауруынан зардап шегетін, амбулаториялық емделудегі тұлғаларға;
- адамның иммун тапшылығы вирусынан зардап шегетін тұлғаларға;
- қант диабетімен ауыратын тұлғаларға;
- «жүйелі қызыл жегі» ауруымен ауыратын тұлғаларға;
3) жалпы білім беретін мектептің 9-сынып базасында оқитын колледждердің 1 және 2-курс студенттеріне.»;
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Ақсу қаласының мынадай санаттағы азаматтарына қоғамдық жолаушылар көлігі (таксиден басқа) бойынша тегін жол жүру белгіленсін:
1) ардагерлерге және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге;
2) мүгедек балаларға және алып жүретін адамдарға алып жүру кезінде;
3) І-топтағы, оның ішінде көру қабілеті бойынша және еріп жүру сәтінде еріп жүретін адамдарға және ІІ-топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;
4) орта білім беру ұйымдарында оқитын балаларға;
5) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
6) Ақсу қаласының құрметті азаматтарына;
7) 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар (оның ішінде студенттер), сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған, немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ, І және ІІ - дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;
8) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына;
9) үйлеріне барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің қызметкерлеріне.»;
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 3-тармағы алынып тасталсын.