О внесении изменения в постановление акимата Каркаралинского района от 26 мая 2016 года № 125 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Каркаралинского района от 26 мая 2016 года № 125 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
- Атауы (қаз.)
- Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 125 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 24.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2021 139196_520136.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KM005692
- ЭКБ идентификаторы
- 139196
- Редакция идентификаторы
- 139196_520136
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:14
0 Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы
26 мамырдағы № 125 «Азаматтық қызметші
болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесін айқындау туралы» қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 125 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3848 болып тіркелген, «Қарқаралы» аудандық газетінде 2016 жылғы 18 маусымда № 49-50 (11484), 2016 жылғы 22 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Келісілді
Қарқаралы аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Нуркенов
0 Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын лауазымда
Аудан әкімі
2020 жылғы 24 қаңтары
№ 16
қаулысына қосымша
Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 26 мамырдағы
№ 125 қаулысына
қосымша
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын лауазымдарының тізбесі
1 1. Бiлiм беру мамандарының лауазымдары:
1 1) ММ және КМҚК басшысы;
2 2) ММ және КМҚК басшысының орынбасары;
3 3) интернат меңгерушісі;
4 4) кітапхана меңгерушісі;
5 5) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
6 6) медициналық мейірбике;
7 7) кітапханашы;
8 8) тәрбиелеуші;
9 9) аға тәлімгер;
10 10) барлық мамандықтағы инженер;
11 11) нұсқаушы;
12 12) әдіскер;
13 13) есепші;
14 14) әлеуметтік педагог;
15 15) бастапқы әскери даярлық жөніндегі ұйымдастырушы-оқытушы;
16 16) қосымша білім беретін педагог;
17 17) педагог-психолог;
18 18) психолог;
19 19) логопед;
20 20) өндірістік оқыту мастері;
21 21) музыка жетекшісі;
22 22) емдәмдік мейірбике;
23 23) мұғалім-дефектолог;
24 24) дефектолог.
2 2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1 1) ММ және КМҚК басшысы;
2 2) ММ және КМҚК басшысының орынбасары;
3 3) кітапхана меңгерушісі;
4 4) филиал меңгерушісі;
5 5) бөлімшелер басшылары;
6 6) барлық атаудағы әдіскер;
7 7) барлық атаудағы суретші;
8 8) кітапханашы;
9 9) режиссер;
10 10) көркемдік жетекші;
11 11) музыкалық жетекші;
12 12) редактор;
13 13) балетмейстер;
14 14) концертмейстр;
15 15) хормейстер;
16 16) дирижер;
17 17) аккомпаниатор;
18 18) хореограф;
19 19) мәдени ұйымдастырушы;
20 20) библиограф;
21 21) бас есепші.
3 3. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
1 1) бөлімшенің меңгерушісі;
2 2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3 3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
4 4) барлық атаудағы әлеуметтік қызметкер.
4 4. Спорт мамандарының лауазымдары:
1 1) ММ басшысы,
2 2) ММ басшысының орынбасары;
3 3) барлық мамандықтағы жаттықтырушы-оқытушы.
5 5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1 1) КМК басшысы;
2 2) КМК басшысының орынбасары;
3 3) ветеринарлық пункт меңгерушісі;
4 4) барлық мамандықтағы мал дәрігерлері;
5 5) ветеринарлық фельдшер.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме;
КМҚК – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
КМК – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын.