О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 26 августа 2016 года № 1894 «О квоте рабочих мест для инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 26 августа 2016 года № 1894 «О квоте рабочих мест для инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 1894 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4768
- Қабылданған күні
- 27.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2021 136632_570941.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VA006348
- ЭКБ идентификаторы
- 136632
- Редакция идентификаторы
- 136632_570941
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:39
0 Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы
№ 1894 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 1894 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4676 тіркелген, 2016 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісінде электрондық түрде, 2016 жылғы 6 қазанда «Алдаспан», «Устинка плюс» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулыға қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
мемлекеттік тілдегі қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Өскемен қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін, оның Өскемен қаласы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Өскемен қаласы
әкімдігінің
2019 жылғы__________
№ ________қаулысына
қосымша
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Тізімдік саны бар ұйымдар
Квота мөлшері (%)
елуден жүз адамға дейін
2
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін
3
екі жүз елу бірден артық адам
4