Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 236 «Об утверждении Положения о Комитете по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Бұйрық · № 286 · қабылданған 02.08.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2016-no-236-ekb-134213/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 236 «Об утверждении Положения о Комитете по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 286 ·02.08.2019
02.08.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 236 «Об утверждении Положения о Комитете по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 286 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 236 «Об утверждении Положения о Комитете по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
286
Қабылданған күні
02.08.2019
Көрсетілген редакция
02.08.2019 134213_418211.kaz
Соңғы өзгеріс
02.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G19F0000286
ЭКБ идентификаторы
134213
Редакция идентификаторы
134213_418211
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:54

0 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына (2016 жылғы 1 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегіндегі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен оған жүктелген жер ресурстарын басқару саласындағы стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы - «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бар.»;
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана жерлерінің баланстары деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы жерлерінің балансын құру;»;
16-тармақ алып тасталсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Міндеті: жер қатынастары саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Функциялары:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жер қатынастарын реттеу саласындағы қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылауды жүзеге асыру;
2) заң бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдана отырып, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласындағы қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылауды жүзеге асыру;
3) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) құзыреті шегінде жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
6) құзыреті шегінде анықталған жер заңнамасы саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
7) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және ұсыну.
Комитет Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.»;
25-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Министрлікпен келісім бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысын тағайындайды;»;
Ережеге қосымша алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы