Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 236 «Об утверждении Положения о Комитете по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Бұйрық · № 275 · қабылданған 17.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2016-no-236-ekb-159715/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 236 «Об утверждении Положения о Комитете по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 275 ·17.09.2021
17.09.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 236 «Об утверждении Положения о Комитете по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 275 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 236 «Об утверждении Положения о Комитете по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
275
Қабылданған күні
17.09.2021
Көрсетілген редакция
17.09.2021 159715_543065.kaz
Соңғы өзгеріс
17.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21F0000275
ЭКБ идентификаторы
159715
Редакция идентификаторы
159715_543065
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:41

0 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті туралы Ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комитеттің құрылымы мен штаттық саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Комитет төрағасы Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар енгізеді.»;
25-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда Министрліктің аппарат басшысына Комитет төрағасының орынбасарлары лауазымына тағайындау туралы ұсыныстар енгізеді;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларының тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;»;
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Комитеттің бюджеттік өтінімінің дайындалуын, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізуі үшін Министрліктің басшысына ұсынылатын бюджеттік өтінімнің Министрліктің аппарат басшысына ұсынылуын, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
12) Комитеттің қаржыландыру жоспарының әзірленуін қамтамасыз етеді және Министрліктің аппарат басшысына бекітуге енгізеді;».
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және босатады, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен орынбасарларының, бас (аға) бухгалтердің жалақы мөлшерлерін, оларға сыйлықақы мен өзге де сыйақы беру жүйелерін бекітеді;».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

3 3) осы бұйрықты іске асыру үшін қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы