О внесении дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 236 «Об утверждении Положения о Комитете по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 236 «Об утверждении Положения о Комитете по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 79
- Қабылданған күні
- 12.03.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 12.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2025 208040_749601.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25F0000079
- ЭКБ идентификаторы
- 208040
- Редакция идентификаторы
- 208040_749601
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:39
0 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 84-16), 84-17), 84-18) және 84-19) тармақшалармен толықтырылсын:
«84-16) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды жүргізеді;
84-17) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды айқындайды;
84-18) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
84-19) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзетеді;».
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;