О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 26 апреля 2016 года № С-2/8 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Кокшетау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 26 апреля 2016 года № С-2/8 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Кокшетау»
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/8 «Көкшетау қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-24/5
- Қабылданған күні
- 22.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 09.04.2020 127233_453370.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BA006956
- ЭКБ идентификаторы
- 127233
- Редакция идентификаторы
- 127233_453370
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:31
0 Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/8 «Көкшетау қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5360 тіркелген, 2016 жылғы 30 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш береді.»;
9 тармақтың 4 абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге жалғыз тұратын зейнеткерлерге, жалғыз басты аналардың отбасыларына, 1, 2, 3 топ мүгедектерінің отбасыларына, мүгедек балалары бар отбасыларға, көп балалы отбасыларға, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардың отбасыларына, интернационалист жауынгерлердің отбасыларына, егер отбасының жиынтық табысы айына жиырма үш айлық есептік көрсеткіштен аспаса, отбасының жиынтық табысының 6 % (пайыз), ал басқа аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) 10 % (пайыз) мөлшері белгіленді.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қаласының әкімі
Е.Маржықпаев
2018 жылғы «22» қараша