Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2016 года № 307 «Об установлении пруденциальных нормативов для Национального оператора почты»

Қаулы · № 22 · қабылданған 05.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2016-no-307/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2016 года № 307 «Об установлении пруденциальных нормативов для Национального оператора почты» Қолданыста Қаулы ·№ 22 ·05.05.2023
05.05.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2016 года № 307 «Об установлении пруденциальных нормативов для Национального оператора почты»

Қолданыста Қаулы ·№ 22 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2016 года № 307 «Об установлении пруденциальных нормативов для Национального оператора почты»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативтерді белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
22
Қабылданған күні
05.05.2023
Көрсетілген редакция
05.05.2023 181425_632161.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032499
ЭКБ идентификаторы
181425
Редакция идентификаторы
181425_632161
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:13

0 «Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативтерді белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысына өзгеріс пен толықтыру

енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативтерді белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14786 болып тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық пошта операторы үшін мынадай пруденциялық нормативтер белгіленсін:
1) меншікті қаражат жеткіліктілігінің коэффициенті, оның мәні есепті айдың соңында кемінде 0,12 құрайды.
Меншікті қаражат жеткіліктілігінің коэффициенті Ұлттық пошта операторының меншікті капиталының оның кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтерінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі.
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтерді есептеу осы қаулыға 1-1-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған Ұлттық пошта операторы активтерiнің кестесiне сәйкес жүргізіледі;
2) өтімділік коэффициенті, оның мәні есепті айдың соңында кемінде 0,30 құрайды.
Өтімділік коэффициенті өтімділігі жоғары активтер мөлшерінің талап етілгенге дейінгі міндеттемелердің шамасына қатынасы ретінде есептеледі.».
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
Агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

1 Ұлттық пошта операторының салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтерінің кестесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын ретте
және дамыту агенттігі
Басқармасының
2023 жылғы 5 мамырдағы
№ 22 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 307 қаулысына
1-1-қосымша
Ұлттық пошта операторының салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтерінің кестесі

Бап­тар ата­уы
Тәу­е­кел дә­ре­же­сі пай­ы­з­бен
I топ
1.
Қол­ма-қол тең­ге
0
2.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «AA-»-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің қол­ма-қол ше­тел ва­лю­та­сы
0
3.
Та­зар­ты­л­ған ба­ға­лы ме­тал­дар
0
4.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кін­де­гі са­лым­дар және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кіне өзге де та­лап­тар
0
5.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «AA-»-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық банк­те­рін­де­гі са­лым­дар
0
6.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «AA-»-тен тө­мен емес бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар, Еура­зия да­му бан­кін­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ва­лю­та­сы­мен са­лым­дар
0
7.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі шы­ғар­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры
0
8.
Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры
0
9.
«Ба­ға­лы қа­ға­з­дар ры­но­гы ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес «Қа­зақ­стан­ның Да­му Бан­кі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ұлт­тық әл-ауқат қо­ры», «Бәй­те­рек» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі», «Про­бле­ма­лық кре­дит­тер қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­да­ры, сон­дай-ақ Еура­зия Да­му Бан­кі шы­ғар­ған және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ва­лю­та­сы­мен но­ми­нир­лен­ген ба­ға­лы қа­ға­з­дар
0
10.
Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­пен бай­ла­ны­сты емес же­ке тұ­лға­лар­дың ипо­те­ка­лық қары­зда­рын са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ра­тын, ак­ци­я­ла­ры­ның 100 (жүз) пай­ы­зы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Банк­ке ти­е­сі­лі заң­ды тұл­ға шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
0
11.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «AA-»-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар шет мем­ле­кет­тер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар
0
12.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «AA-»-тен тө­мен емес бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
0
13.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ»-ден тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар банк­тер­ге ашық кор­ре­спон­дент­тік шот­тар бой­ын­ша та­лап­тар
0
14.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ»-ден тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар банк­тер­ге ашық ағым­да­ғы шот­тар бой­ын­ша та­лап­тар
0
15.
Ор­та­лық контр­агент­тің қа­ты­суы­мен жа­сал­ған «ке­рі РЕ­ПО» опе­ра­ци­я­сы­ның ны­са­на­сы бо­лып та­бы­ла­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар
0
16.
Тәу­е­кел­дің І то­бы­на ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер бой­ын­ша есеп­тел­ген сый­а­қы
0
II топ
17.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­тi­гiнiң «АА-»-тен тө­мен тәу­ел­сiз рей­тин­гi неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тiк­тер­дiң бі­рiнiң осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гi бар ел­дер­дің және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ел­дер­дің қол­ма-қол ше­тел ва­лю­та­сы
20
18.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық банк­те­рін­де­гі са­лым­дар
20
19.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
20
20.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «AА-» тө­мен емес бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ұй­ым­дар­да­ғы са­лым­дар
20
21.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған, мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар
20
22.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
20
23.
Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды қо­с­па­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар
20
24.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «АА-»-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің жер­гі­лік­ті би­лік ор­ган­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
20
25.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «AA-»-тен тө­мен емес бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ұй­ым­дар шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
20
26.
Тәу­е­кел­дің ІІ то­бы­на ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер бой­ын­ша есеп­тел­ген сый­а­қы
20
III топ
27.
Та­зар­тыл­ма­ған ба­ға­лы ме­тал­дар
50
28.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық банк­те­рін­де­гі са­лым­дар
50
29.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
50
30.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ұй­ым­дар­да­ғы са­лым­дар
50
31.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар
50
32.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
50
33.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің жер­гі­лік­ті би­лік ор­ган­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
50
34.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ұй­ым­дар шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
50
35.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сіне сәй­кес ша­ғын неме­се ор­та кә­сіп­кер­лік­ке жат­қы­зы­л­ған субъ­ек­ті­лер шы­ғар­ған, «Қа­зақ­стан қор бир­жа­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің «негіз­гі» неме­се «ба­ла­ма­лы» ала­ңы­ның «бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар» сек­то­ры­на ен­гі­зі­л­ген, «ДА­МУ» кә­сіп­кер­лік­ті да­мы­ту қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның және (неме­се) «Қа­зақ­стан­ның Да­му Бан­кі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның ке­піл­ді­гі бар, со­ма­сы осы ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың но­ми­нал­ды құ­ны­ның ке­мін­де 50 (елу) пай­ы­зын жа­ба­тын және мы­на­дай өл­шем­шар­ттар­ға сәй­кес ке­ле­тін ба­ға­лы қа­ға­з­дар:
1) эми­тент­тің бір ба­ға­лы қа­ға­з­дар шы­ға­ры­лы­мы­на са­лын­ған ин­ве­сти­ци­я­лар­дың кө­ле­мі мен­шік­ті ка­пи­тал­дың 0,02 (нөл бү­тін жүз­ден екі) пай­ы­зы­нан ас­пай­ды;
2) ба­ға­лы қа­ға­з­дар шы­ға­ры­лы­мы­ның ва­лю­та­сы – тең­ге.
50
36.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ-»-тен
«ВВ-»-ке дей­ін­гі (қо­са ал­ған­да) бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент банк­те­ріне неме­се Standard & Poor's агент­ті­гі­нің «ВВВ-»-тен «ВВ+»-ке дей­ін­гі (қо­са ал­ған­да) бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент бан­кіне ашы­л­ған кор­ре­спон­дент­тік шот­тар бой­ын­ша қой­ы­ла­тын та­лап­тар
50
37.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ-»-тен
«ВВ-»-ке дей­ін­гі (қо­са ал­ған­да) бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент банк­те­ріне неме­се Standard & Poor's агент­ті­гі­нің «ВВВ-»-тен «ВВ+»-ке дей­ін­гі (қо­са ал­ған­да) бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент бан­кіне ашы­л­ған ағым­да­ғы шот­тар бой­ын­ша қой­ы­ла­тын та­лап­тар
50
38.
«Қа­зақ­стан қор бир­жа­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар
50
39.
Тәу­е­кел­дің ІІІ то­бы­на ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер бой­ын­ша есеп­тел­ген сый­а­қы
50
IV топ
40.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-тен «В-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ел­дер­дің ор­та­лық банк­те­рін­де­гі са­лым­дар
100
41.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-тен «В-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
100
42.
Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент ұй­ым­да­рын­да­ғы, ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент ұй­ым­да­рын­да­ғы және Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
100
43.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-тен «В-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ел­дер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған, мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар
100
44.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ел­дер­дің жер­гі­лік­ті би­лік ор­ган­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
100
45.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-тен «В-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
100
46.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент ұй­ым­да­ры, ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент ұй­ым­да­ры және Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
100
47.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент банк­те­ріне неме­се Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар бей­ре­зи­дент банк­ке ашы­л­ған кор­ре­спон­дент­тік шот­тар бой­ын­ша та­лап­тар
100
48.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент банк­те­ріне неме­се Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-дан тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар бей­ре­зи­дент банк­ке ашы­л­ған ағым­да­ғы шот­тар бой­ын­ша та­лап­тар
100
49.
Тәу­е­кел­дің IV то­бы­на ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер бой­ын­ша есеп­тел­ген сый­а­қы
100
50.
Тө­лем­дер бой­ын­ша есеп­те­улер
100
51.
Негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар
100
52.
Ма­те­ри­ал­дық қор­лар
100
53.
Сый­а­қы және шы­ғы­стар со­ма­сын ал­дын ала тө­леу
100
54.
Бас­қа ак­тив­тер
100
V топ
55.
Stand­юard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «В-»-тен тө­мен тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық банк­те­рін­де­гі са­лым­дар
150
56.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «В-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
150
57.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар бей­ре­зи­дент ұй­ым­дар­да­ғы және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
150
58.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «В-»-тен тө­мен тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
150
59.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ-»-тен тө­мен тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің жер­гі­лік­ті би­лік ор­ган­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
150
60.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «В-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
150
61.
Standard & Poor’s (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент ұй­ым­да­ры және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
150
62.
Тәу­е­кел­дің V то­бы­на ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер бой­ын­ша есеп­тел­ген сый­а­қы
150

1.1 Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиісті Ұлттық пошта операторы активтерінің есебіне түсіндірме

Салымдардың кредиттiк тәуекел
дәрежесi бойынша мөлшерленген
Ұлттық пошта операторы
активтерiнiң кестесiне
қосымша
Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиісті
Ұлттық пошта операторы активтерінің есебіне түсіндірме

1

1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, ұлттық пошта операторында түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар қарыздар (Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген Ұлттық пошта операторы активтері кестесінің (бұдан әрі - Кесте) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 10, 11, және 12-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес Ұлттық пошта операторында түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебіне енгізіледі.
Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 10, 11, және 12-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға:
салымдар сомасының 100 (жүз) пайызына, оның ішінде ұлттық пошта операторындағы қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары;
қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызына;
қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызына тең болады.
Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сай мөлшерленеді.

2

2. Контрагенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырылған) Ұлттық пошта операторы инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, қарыздар, инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) активтердің есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізіледі.
Банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

3 3. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша Ұлттық пошта операторы активтерін мөлшерлеу кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.

Қолданыстағы