О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 26 июля 2016 года № 350 «Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для гражданского персонала воинских частей и учреждений, работников казенных предприятий Вооруженных Сил Республики Казахстан и установления рабочим процентной надбавки за работу в Вооруженных Силах Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 26 июля 2016 года № 350 «Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для гражданского персонала воинских частей и учреждений, работников казенных предприятий Вооруженных Сил Республики Казахстан и установления рабочим процентной надбавки за работу в Вооруженных Силах Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 350 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 132
- Қабылданған күні
- 30.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2017 111856_182891.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015081
- ЭКБ идентификаторы
- 111856
- Редакция идентификаторы
- 111856_182891
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:33
0
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 350 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 350 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 тамызда № 14151 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидаларында:
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің, басқармалардың, бөлімдердің жұмыскерлері үшін жергілікті әскери басқару органдарындағы азаматтық қызметші (білікті жұмысшыларды қоспағанда) және әскери қызметшілер лауазымдарындағы (жұмысшылар мамандықтарына ұқсас лауазымдарды қоспағанда) барлық жұмыс кезеңі есептеледі;».
2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің бастығы:
1 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын;
3 3) бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың
2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне ұсынсын.