О внесении изменения в решение Астраханского районного маслихата от 26 августа 2016 года № 6С-8-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Астраханского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Астраханского районного маслихата от 26 августа 2016 года № 6С-8-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Астраханского района»
- Атауы (қаз.)
- Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-7 «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-18-2
- Қабылданған күні
- 06.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 13.07.2020 111840_471422.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BF005912
- ЭКБ идентификаторы
- 111840
- Редакция идентификаторы
- 111840_471422
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:28
0 Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-7 «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5546 тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
8 тармағының 9) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
9 «9) жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – жан басына шаққандағы орташа табысы - ең төменгі күнкөріс деңгейі төмен отбасыларына (азаматтарға):
қайтыс болғандығы туралы анықтаманың негізінде кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге;
медициналық мекемеден эпикриз қорытындысының көшірмесі негізінде шұғыл емделуіне байланысты;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 тіркелген) бұйрығымен бекітілген тізілімге енгізілмеген дәрі-дәрмектерді дәрігерлік - кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша сатып алуға болады;».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының әкімі Т. Ерсейітов
6.04.2017 ж.