Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Астраханского районного маслихата от 26 августа 2016 года № 6С-8-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Астраханского района»

Ереже · № 6С-31-6 · қабылданған 09.02.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2016-no-6-8-7-ekb-119118/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Астраханского районного маслихата от 26 августа 2016 года № 6С-8-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Астраханского района» Күшін жойған Ереже ·№ 6С-31-6 ·09.02.2018
13.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Астраханского районного маслихата от 26 августа 2016 года № 6С-8-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Астраханского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 6С-31-6 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Астраханского районного маслихата от 26 августа 2016 года № 6С-8-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Астраханского района»
Атауы (қаз.)
Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-7 «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С-31-6
Қабылданған күні
09.02.2018
Көрсетілген редакция
13.07.2020 119118_471428.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18BF006437
ЭКБ идентификаторы
119118
Редакция идентификаторы
119118_471428
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:52

0 Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-7 «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5546 тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудін, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
8 тармағының 9) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«9) жылына бір рет он бес айлық есептіқ қөрсеткіш мөлшерінде – жан басына шаққандағы орташа табысы – ең төменгі күнкөріс деңгейі төмен отбасыларына (азаматтарға):
қайтыс болғандығы туралы анықтаманың негізінде кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге;
медициналық мекемеден эпикриз қорытындысының көшірмесі негізінде шұғыл емделуіне байланысты;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» (Норматівтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15724 тіркелген) бұйрығымен бекітілген тізілімге енгізілмеген дәрі-дәрмектерді дәрігерлік – кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша сатып алуға болады;».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының әкімі Н. Сейілов
09.02.2018 ж.

Қолданыстағы