О внесении изменений и дополнений в решение Астраханского районного маслихата от 26 августа 2016 года № 6С-8-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Астраханского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Астраханского районного маслихата от 26 августа 2016 года № 6С-8-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Астраханского района»
- Атауы (қаз.)
- Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-7 «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6C-50-2
- Қабылданған күні
- 24.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 13.07.2020 128928_471434.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19BF007058
- ЭКБ идентификаторы
- 128928
- Редакция идентификаторы
- 128928_471434
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:17
0 Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-7 «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5546 тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
6 «6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндердің және мерекелік күндердің тізбесі:
1 1) 15 ақпан - Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күні;
2 2) 9 мамыр - Жеңіс күні;
3 3) 1 қазан - Қарттар күні;
4 4) қазанның екінші жексенбісі - Мүгедектер күні.»;
8 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
1 «1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – жыл сайын Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;
ай сайын 100 пайыз мөлшерінде коммуналдық қызметтерге, қатты отынға, байланыс қызметтеріне, алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жеткізушілердің ұсынылатын қызмет тізіліміне сәйкес;»;
8 тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
3 «3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар жыл сайын Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;»;
8 тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
4
«4) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген басқа санаттағы адамдар және 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еткен жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар – Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;»;
8 тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
5 «5) ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен мөлшерде жиынтығында зейнетақы төлемдер алатын зейнеткерлер - Қарттар күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;»;
8 тармағының 6) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
6 «6) 1, 2, 3 топ мүгедектері және 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші адамдар – Мүгедектер күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;»;
8 тармақ келесі редакциядағы 11), 12) тармақшалармен толықтырылсын:
11 «11) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысушылар арасынан, Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күніне орай, жыл сайын облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;»;
12 «12) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарында болғандығын растайтын құжаттың негізінде, босатылғаннан кейін үш ай мерзімінен кешіктірмей, он бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының әкімі
Н. Сейілов
24 января 2019 года