О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 74 «Об утверждении требований к содержанию, ведению и информационному наполнению электронными информационными ресурсами веб-портала «электронного правительства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 74 «Об утверждении требований к содержанию, ведению и информационному наполнению электронными информационными ресурсами веб-портала «электронного правительства»
- Атауы (қаз.)
- «Электрондық үкіметтің веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 435/НҚ
- Қабылданған күні
- 22.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2024 198997_712990.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034790
- ЭКБ идентификаторы
- 198997
- Редакция идентификаторы
- 198997_712990
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:26
0
«Электрондық үкіметтің веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Электрондық үкіметтің веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13193 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарында:
2-тармақта:
1-1)-тармақша мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«1-1) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;»;
3)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;»;
4-тармақта:
3)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ЖСН немесе БСН, көрсетілетін қызметтерді алушы субъектінің абоненттік нөмірі және қысқа мәтіндік хабарлама түріндегі қызметтерді алушы субъектінің абоненттік нөміріне жіберілген бір реттік пароль.».
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.