О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 77 «Об утверждении Правил приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие образовательные программы высшего образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 77 «Об утверждении Правил приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие образовательные программы высшего образования»
- Атауы (қаз.)
- «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 584
- Қабылданған күні
- 17.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2023 184138_645171.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033112
- ЭКБ идентификаторы
- 184138
- Редакция идентификаторы
- 184138_645171
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:50
0 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:
69-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«69. ІІМ арнаулы оқу орындарының курсанттары қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтар олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының басым құқығы бар.»;
70-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«70. ІІМ арнаулы оқу орындарына курсанттар қатарына конкурстан тыс қабылданады:
1) № 58 Қаулының кандидаттарға белгіленген талаптары бойынша өту деңгейі балын жинаған қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген, № 58 Қаулының белгіленген талаптары бойынша балдың шекті деңгейін жинаған адамдар, бірақ «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы №580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 2-1)-тармақшасына сәйкес білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған жоғары білімді кадрларды даярлаудың жыл сайынғы мемлекеттік тапсырысының кемінде 10 %;
3) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдар;
4) ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 100 балл жинаған адамдар.»;
70-1-тармақ алып тасталсын.