О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 86 «Об утверждении Критериев отнесения электронных информационных ресурсов к открытым данным, размещаемым государственными органами на интернет-портале открытых данных, а также Правил и формат их представления»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 86 «Об утверждении Критериев отнесения электронных информационных ресурсов к открытым данным, размещаемым государственными органами на интернет-портале открытых данных, а также Правил и формат их представления»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 201/НҚ
- Қабылданған күні
- 19.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2021 143333_526522.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020762
- ЭКБ идентификаторы
- 143333
- Редакция идентификаторы
- 143333_526522
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:28
0 «Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 86 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі м. а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13231 болып тіркелген, «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары мен форматында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) кеңейтілетін белгілеу тілі (eXtensible Markup Language) (бұдан әрі – XML) – құрылымдық және машинада оқылатын форматтағы деректерді сақтау және беру үшін пайдаланылатын кеңейтілетін белгілеу тілі;»;
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Сұратылған ашық деректерді ұсыну мүмкін болған жағдайда, мемлекеттік орган уәкілетті органнан сұрауды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген ашық деректер жиынтықтарын ұсыну форматын ұстана отырып, автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) арқылы интернет-порталда орналастырады немесе мемлекеттік органның API-ін қолдана отырып ашық деректерді ұсынады немесе уәкілетті органды ашық деректерді орналастырудың жоспарланған күні туралы хабарлайды.»;
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Интернет-порталда АЖО көмегімен ашық деректер жиынтығын мемлекеттік органдардың орналастыруы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ашық деректер жиынтығын ұсыну форматына сәйкес JSON форматында жүзеге асырылады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік органның API-ін қолдана отырып ашық деректерді ұсыну, егер ұсынылатын ақпарат XML және JSON форматта мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде болған жағдайда жасалады.»;