Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 87 «Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые Государственной корпорацией «Правительство для граждан»

Бұйрық · № 517 · қабылданған 07.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2016-no-87-ekb-126816/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 87 «Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые Государственной корпорацией «Правительство для граждан» Қолданыста Бұйрық ·№ 517 ·07.12.2018
07.12.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 87 «Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые Государственной корпорацией «Правительство для граждан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 517 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 87 «Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые Государственной корпорацией «Правительство для граждан»
Атауы (қаз.)
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
517
Қабылданған күні
07.12.2018
Көрсетілген редакция
07.12.2018 126816_377976.kaz
Соңғы өзгеріс
07.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017911
ЭКБ идентификаторы
126816
Редакция идентификаторы
126816_377976
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:11

0 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының
2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) бағаларында:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2.
Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру қо­ры­ның қа­ра­жа­ты­нан әле­умет­тік тө­лем со­ма­ла­рын алушы­лар­дың шот­та­ры­на ауда­ру
1 тө­лем
246,60
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік қамтамасыз ету және зейнетақы саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) бағаларында:
реттік нөмірі 3- жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет есе­бі­нен тө­ле­не­тін зей­не­та­қы, жәр­де­ма­қы және бас­қа да тө­лем­дер со­ма­ла­рын алушы­лар­дың шот­та­ры­на ауда­ру
1 тө­лем
246,60
».

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
2018 жылғы 13 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2018 жылғы 23 қараша

Қолданыстағы