Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 87 «Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые Государственной корпорацией «Правительство для граждан»

Бұйрық · № 214/НҚ · қабылданған 17.06.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2016-no-87-ekb-156543/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 87 «Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые Государственной корпорацией «Правительство для граждан» Қолданыста Бұйрық ·№ 214/НҚ ·17.06.2021
17.06.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 87 «Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые Государственной корпорацией «Правительство для граждан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 214/НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 87 «Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые Государственной корпорацией «Правительство для граждан»
Атауы (қаз.)
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
214/НҚ
Қабылданған күні
17.06.2021
Көрсетілген редакция
17.06.2021 156543_528234.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023115
ЭКБ идентификаторы
156543
Редакция идентификаторы
156543_528234
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:51

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабының 3-тармағына, «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 776-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына толықтыру енгізу туралы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 16 тармағының 1) жүз тоқсан бірінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
2) осы бұйрықпен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қамтамасыз ету және зейнетақы саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
3) осы бұйрықпен бекітілген 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу бойынша қызмет саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
4) осы бұйрықпен бекітілген 4-қосымшаға сәйкес міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
5) осы бұйрықпен бекітілген 5-қосымшаға сәйкес ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
6) осы бұйрықпен бекітілген 6-қосымшаға сәйкес бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
7) осы бұйрықпен бекітілген 7-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасында:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5
Бі­рың­ғай жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­нан мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­рын, мін­дет­ті кә­сіп­тік зей­не­та­қы жар­на­ла­рын және (неме­се) өсім­пұл­дар­ды агент­ке және (неме­се) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы­на оның өті­ні­ші бой­ын­ша қай­та­ру
1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
977,85
»;
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7
Зей­не­та­қы мен жәр­де­ма­қы мөл­ше­рі ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру
1 ақ­па­рат
103,11
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:
«
17
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мiрi және (неме­се) зей­не­та­қы­мен қам­сыздан­ды­ру ту­ра­лы шар­тта­ры жоқ және (неме­се) де­ректе­ме­лерiн­де қа­те­лер жi­берiл­ген адам­дар­дың мiн­дет­тi зей­не­та­қы жар­на­ла­рын, мін­дет­ті кә­сіп­тік зей­не­та­қы жар­на­ла­рын және (неме­се) өсім­пұл­да­рын агент­ке қай­та­ру
1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
141,86
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 5-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;»;
«Салық салу объектілерінің құнын айқындау» деген 2-бөлім алып тасталсын;
осы бұйрықтың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 6 және 7-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

1 Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізетін және (немесе) іске асыратын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2021 жылғы 17 маусымдағы № 214/НҚ
бұйрығына 1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87
бұйрығына 1-қосымша
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізетін және (немесе) іске асыратын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
Р/с №
(Жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің) та­у­ар­лар­дың ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
ҚҚС қо­с­па­ған­да, ба­ға­сы, тең­ге­мен
1
2
3
4
1
Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру қо­ры­ның қа­ра­жа­ты­нан әле­умет­тік тө­лем алушы­лар­дың ма­кет­тер­ді қа­лып­та­сты­ру
1 ма­кет
2117,91
2.
Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру қо­ры­ның қа­ра­жа­ты­нан әле­умет­тік тө­лем со­ма­ла­рын алушы­лар­дың шот­та­ры­на ауда­ру
1 тө­лем
246,60
3
Әле­умет­тік ауда­рым­дар­ды және (неме­се) олар бой­ын­ша өсім­пұл­ды тө­ле­у­ші­лер­ден Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру қо­ры­на ауда­ру
1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
6,84
4
Әле­умет­тік ауда­рым­дар­дың ар­тық (қа­те) тө­лен­ген со­ма­ла­рын және (неме­се) әле­умет­тік ауда­рым­дар­ды уақ­ты­лы және (неме­се) то­лық тө­ле­ме­ге­ні үшін өсім­пұл­ды тө­ле­у­ші­лер­ге қор­дың қа­ра­жа­ты «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы шо­ты­на ке­ліп түс­кен күн­нен кей­ін­гі бір опе­ра­ци­я­лық күн­нен ке­шік­тір­мей қай­та­ру­ды қам­та­ма­сыз ету
1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
1242,10
5
Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақ­па­рат­тық қыз­мет көр­се­ту
1 ақ­па­рат
459,56
6
Әле­умет­тік тө­лем­дер мөл­ше­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ұсы­ну
1 ақ­па­рат
181,92
7
Әле­умет­тік тө­лем­дер са­ны мен ор­та­ша со­ма­сы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ұсы­ну
1 ақ­па­рат
197,13
8
Ауда­ры­л­ған мін­дет­ті әле­умет­тік тө­лем­дер со­ма­сы ту­ра­лы тө­ле­у­ші­лер­ді рас­тау
1 ақ­па­рат
219,89
9
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі жоқ және (неме­се) де­ректе­ме­ле­рін­де қа­те­лер жі­бе­рі­л­ген мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру жүй­е­сіне қа­ты­су­шы үшін тө­лен­ген әле­умет­тік ауда­рым­дар­дың со­ма­ла­рын тө­ле­у­ші­ге қай­та­ру
1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
180,44
Ескертпе:
ҚҚС – қосылған құн салығы

2 Бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2021 жылғы 17 маусымдағы
№ 214/НҚ бұйрығына 2 қосымша
Қазақстан Республикасының
инвистициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының 2016 жылғы
26 қаңтардағы № 87 бұйрығына
6-қосымша
Бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

Та­у­ар­дың ата­уы (жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің)
Өл­шем бір­лі­гі
ҚҚС*есе­бін­сіз ба­ға, тең­ге
1
Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру қо­ры­на, Әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на, Бі­рың­ғай жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­на және тө­ле­у­ші­нің тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша бюд­жет­ке бі­рың­ғай жиын­тық төлем­нің со­ма­сын бө­лу және ауда­ру
1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
53,7
2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті ай­қын­дай­тын тәр­тіп­пен бі­рың­ғай жиын­тық төлем­нің қа­те (ар­тық) тө­лен­ген со­ма­ла­рын қай­та­ру­ды жү­зе­ге асы­ру
1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
797,8
*Ескертпе:
ҚҚС – қосылған құн салығы.

3 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізетін және (немесе) іске асыратын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2021 жылғы 17 маусымдағы № 214/НҚ
Бұйрығына 3 қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87
бұйрығына 7-қосымша
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізетін және (немесе) іске асыратын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
Р/с №
(Жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің) та­у­ар­лар­дың ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
ҚҚС қо­с­па­ған­да, ба­ға­сы, тең­ге­мен
1
2
3
4
1
Тө­ле­у­ші­лер­ден Әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на тү­се­тін ауда­рым­дар­ды, жар­на­лар­ды және (неме­се) ауда­рым­дар­дың және (неме­се) жар­на­лар­дың уақ­ты­лы және (неме­се) то­лық тө­лен­бе­ге­ні үшін өсім­пұл­ды банк­тік үш күн ішін­де өң­деу және ауда­ру
1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
22,30
2.
Ауда­рым­дар­дың, жар­на­лар­дың және (неме­се) ауда­рым­дар­ды және (неме­се) жар­на­лар­ды уақ­ты­лы және (неме­се) то­лық тө­ле­ме­ге­ні үшін өсім­пұл­дың ар­тық (қа­те) есеп­ке жат­қы­зы­л­ған со­ма­ла­рын уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­да­ған тәр­тіп­пен тө­ле­у­ші­лер­ге қай­та­ру
1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
175,47
3
Ауда­рым­дар­дың және (неме­се) жар­на­лар­дың ар­тық (қа­те) тө­лен­ген со­ма­ла­рын осы қа­ра­жат­тар Әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­нан «Аза­мат­тар­ған ар­нал­ған үкі­мет» Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның шо­ты­на ауда­ры­л­ған күн­нен ба­стап банк­тік үш күн ішін­де тө­ле­у­ші­лер­ге ауда­ру
1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
1220,41

Қолданыстағы