Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 87 «Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые Государственной корпорацией «Правительство для граждан»

Бұйрық · № 596/НҚ · қабылданған 01.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2016-no-87-ekb-189811/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 87 «Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые Государственной корпорацией «Правительство для граждан» Қолданыста Бұйрық ·№ 596/НҚ ·01.12.2023
01.12.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 87 «Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые Государственной корпорацией «Правительство для граждан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 596/НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 87 «Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые Государственной корпорацией «Правительство для граждан»
Атауы (қаз.)
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
596/НҚ
Қабылданған күні
01.12.2023
Көрсетілген редакция
01.12.2023 189811_671021.kaz
Соңғы өзгеріс
01.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23IPM00596
ЭКБ идентификаторы
189811
Редакция идентификаторы
189811_671021
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:13

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
2) осы бұйрықпен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қамтамасыз ету және зейнетақы саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
3) осы бұйрықпен бекітілген 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу бойынша қызмет саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
4) осы бұйрықпен бекітілген 4-қосымшаға сәйкес міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
5) осы бұйрықпен бекітілген 5-қосымшаға сәйкес ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
6) осы бұйрықпен бекітілген 6-қосымшаға сәйкес бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
7) осы бұйрықпен бекітілген 7-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
8) осы бұйрықпен бекітілген 8-қосымшаға сәйкес біріңғай төлемдер саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықтың 6-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 8-қосымшасымен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

2 2) осы бұйрықтың көшірмесін тіркелген бұйрықты алған күннен бастап Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

1 Бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2023 жылғы ___ ________ № ____
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Инвистициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 87 бұйрығына 6-қосымша
Бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

Тауардың атауы (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)
Өлшем бірлігі
ҚҚС*қоспағанда бағасы, теңге
1
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке бірыңғай жиынтық төлемнің сомасын бөлу және аудару
1 төлем тапсырмасы
27,58
2
Бірыңғай жиынтық төлемнің қате (артық) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыру
1 төлем тапсырмасы
904,4

2 Біріңғай төлемдер саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізетін және (немесе) іске асыратын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2023 жылғы ___ ________ № ____
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 87 бұйрығына
8-қосымша
Біріңғай төлемдер саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізетін және (немесе) іске асыратын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
Р/с

(Жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) тауарлардың атауы
Өлшем бірлігі
ҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен
1
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке бірыңғай төлемнің сомасын бөлу және аудару
1 төлем тапсырмасы
52,13
2
Бірыңғай төлемнің қате (артық) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыру
1 төлем тапсырмасы
790,04

Қолданыстағы