О ратификации Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о внесении изменений в Протокол между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о техническом содействии от 26 декабря 2016 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о внесении изменений в Протокол между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о техническом содействии от 26 декабря 2016 года
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 93-VI
- Қабылданған күні
- 12.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 12.07.2017 113466_269366.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z1700000093
- ЭКБ идентификаторы
- 113466
- Редакция идентификаторы
- 113466_269366
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:30
0 2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы
хаттаманы ратификациялау туралы
2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы 2017 жылғы 17 наурызда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту.
Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттаманың жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама) 4-бабына сәйкес,
төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
Хаттаманың 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тараптар Келісімнің 2-бабына сәйкес осы Хаттамамен қосымшаға сай жол карталарының іс-шараларына сәйкес келетін, жалпы сомасы 41 038 096 (қырық бір миллион отыз сегіз мың тоқсан алты) АҚШ доллары болатын іс-шаралар тізбесін бекітеді.
2. Осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларының тізбесі оның ажырамас бөлігі болып табылады.
3. Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларын нақтылауды Тараптар бірлесе отырып:
- Қазақстан тарапынан - бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган;
- Қырғыз тарапынан - еуразиялық интеграция шеңберінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.".
2 2-бап
Осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап осы Хаттама күшіне енеді.
Тараптардың осы Хаттамада көзделген барлық міндеттемелері орындалған кезден бастап осы Хаттаманың қолданылуы тоқтатылады.
2017 жылғы 17 наурызда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманы түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
0 Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қырғыз
Республикасының Үкіметі
арасындағы Техникалық жәрдем
көрсету туралы хаттамаға
қосымша
Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларының тізбесі
№
Іс-шаралардың атауы
Сома, АҚШ доллары
1.
Кедендік әкімшілендіру саласында өткізу пункттерін салу, жайластыру және материалдық-техникалық жарақтандыру
3 286 800
2.
Техникалық реттеу саласында сынақ зертханаларын және басқа да объектілерді жаңғырту, толық жарақтандыру, реконструкциялау, сондай-ақ мамандарды оқыту
5 662 149
3.
Көлік инфрақұрылымы саласында Қырғыз Республикасы Көлік және жолдар министрлігінің жанындағы "Кырғыз темир жолу" ұлттық компаниясы" мемлекеттік кәсіпорнының зертханасын жарақтандыру
577 840
4.
Ақпараттық өзара іс-қимыл саласында Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің жанындағы "Сыртқы сауда саласындағы "Бірыңғай терезе орталығы" мемлекеттік кәсіпорнын жарақтандыру
1 698 700
5.
Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет агенттігінің жанындағы өртке қарсы зертхананы толық жарақтандыру
749 621
6.
Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Дәрілік қамтамасыз ету және медициналық техника департаментінің сынақ зертханасын (орталықтарын) толық жарақтандыру, сондай-ақ мамандарды оқыту
1 863 523
7.
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласында санитариялық-карантиндік пунктерді және басқа да объектілерді жаңғырту, жарақтандыру, сондай-ақ мамандарды оқыту
5 199 463
8.
Фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар саласында өткізу пункттерін және басқа да объектілерді жаңғырту, реконструкциялау және жарақтандыру, сондай-ақ мамандарды оқыту
22 000 000
Жиыны:
41 038 096