О внесении изменения в решение Сатпаевского городского маслихата от 26 декабря 2017 года № 227 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Сатпаевского городского маслихата от 26 декабря 2017 года № 227 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность»
- Атауы (қаз.)
- Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 227 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 264
- Қабылданған күні
- 18.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2021 121286_532821.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KF004724
- ЭКБ идентификаторы
- 121286
- Редакция идентификаторы
- 121286_532821
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:47
0 Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 227 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 227 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4550 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 18 наурызда және 2018 жылғы 19 наурыздағы «Шарайна» № 3 (2296) газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген орыс тілдегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«В соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» Сатпаевский городской маслихат РЕШИЛ:».