Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Карабулакского сельского округа Алгинского района от 26 декабря 2017 года № 36 «Об установлении ограничительных мероприятий»

Өзге акт · № 8 · қабылданған 15.06.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2017-no-36/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Карабулакского сельского округа Алгинского района от 26 декабря 2017 года № 36 «Об установлении ограничительных мероприятий» Қолданыста Өзге акт ·№ 8 ·15.06.2018
15.06.2018 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Карабулакского сельского округа Алгинского района от 26 декабря 2017 года № 36 «Об установлении ограничительных мероприятий»

Қолданыста Өзге акт ·№ 8 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Карабулакского сельского округа Алгинского района от 26 декабря 2017 года № 36 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын алу және Алға ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 36 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8
Қабылданған күні
15.06.2018
Көрсетілген редакция
15.06.2018 123085_335065.kaz
Соңғы өзгеріс
15.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18CCG00167
ЭКБ идентификаторы
123085
Редакция идентификаторы
123085_335065
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:03

0 Шектеу іс-шараларын алу және Алға ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 36 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылдың 18 мамырдағы № 2-6-04/83 санды ұсынысына сәйкес, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі, Аманкелді ауылында орналасқан «Баймұрат» шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасында сарып ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

2

2. Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 36 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5839 болып тіркелген, 2018 жыл 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Алға ауданының әдiлет басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы