Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача сертификата поставщика аэронавигационного обслуживания» и о внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 июня 2017 года № 384 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата поставщика аэронавигационного обслуживания, а также сертификационных требований, предъявляемых к поставщикам аэронавигационного обслуживания» и о признании утратившими силу некоторых приказов Министра по

Бұйрық · № 900 · қабылданған 21.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2017-no-384-ekb-127631/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача сертификата поставщика аэронавигационного обслуживания» и о внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 июня 2017 года № 384 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата поставщика аэронавигационного обслуживания, а также сертификационных требований, предъявляемых к поставщикам аэронавигационного обслуживания» и о признании утратившими силу некоторых приказов Министра по Қолданыста Бұйрық ·№ 900 ·21.12.2018
05.05.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача сертификата поставщика аэронавигационного обслуживания» и о внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 июня 2017 года № 384 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата поставщика аэронавигационного обслуживания, а также сертификационных требований, предъявляемых к поставщикам аэронавигационного обслуживания» и о признании утратившими силу некоторых приказов Министра по

Қолданыста Бұйрық ·№ 900 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача сертификата поставщика аэронавигационного обслуживания» и о внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 июня 2017 года № 384 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата поставщика аэронавигационного обслуживания, а также сертификационных требований, предъявляемых к поставщикам аэронавигационного обслуживания» и о признании утратившими силу некоторых приказов Министра по
Атауы (қаз.)
«Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы және «Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Инве
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
900
Қабылданған күні
21.12.2018
Көрсетілген редакция
05.05.2020 127631_462918.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800018019
ЭКБ идентификаторы
127631
Редакция идентификаторы
127631_462918
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:56

0 «Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің

сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы және «Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-27) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы
6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

2

2. «Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15468 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 қыркүйекте жарияланған) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 384 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 554-бабының 7-тармағының 9) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сертификаттаудың жалпы мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің филиалдары (өкілдері) бар болған жағдайда, осы Қағидалардың 14-тармағымен көзделген сертификаттық тексеру жүргізу мерзімі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес есептеледі.»;
9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сертификаттаудан өту үшін өтініш беруші осы Қағидаларға
2-қосымшада көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификатты алуға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) филиалдарына өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
Мемлекеттік корпорацияда өтініш пен ұсынылған құжаттардың толықтығына тексеру жүргізіліп, одан кейін олар уәкілетті органға жолданады.
10. Уәкілетті орган өтініш және құжаттар келіп түскен күннен бастап
6 (алты) жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда шешім шыққан күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде сертификаттық тексеру жүргізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.
Персоналды құрам, қызмет түрлері (кіші түрлері) және нақты қолдану саласында сертификаттық тексеруді жүргізу мерзімі және комиссия тексеретін аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші (аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің филиалдары (өкілдері) уәкілетті орган басшысының бұйрығымен айқындалады.
Бірінші сертификаттық тексеру үшін уәкілетті орган басшысының бұйрығын шығару шешім шығарған күннен кейінгі екінші жұмыс күні, ал одан кейінгі сертификаттық тексерулер үшін – алдыңғы сертификаттық тексерудің сертификаттық тексеру актісіне қол қойған күннен бастап екінші жұмыс күні жүзеге асырылады.
Комиссияның лауазымдық құрамына мемлекеттік авиация инспекторлары енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Сертификаттық тексеру аяқталғанға дейін өтініш беруші мынадай жағдайда аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификат сұралған, сертификаттауға жататын барлық аэронавигациялық қызмет көрсету түрлеріне (кіші түрлеріне) түзетулер енгізеді:
1) әуеайлақтың мәлімдеген санатын өзгерту;
2) ҰРТҚ мен байланыс құралдарын орналастыру орнын өзгерту.»
19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Түзету іс-қимылдарының жоспарын уәкілетті орган бекіткен күннен бастап сертификаттау мерзімін есептеу анықталған сәйкес келмеушіліктер жойылғанға дейін тоқталады.
Түзету іс-қимылдарының жоспарында белгіленген мерзімде сәйкес келмеушіліктер жойылғаннан кейін өтініш беруші уәкілетті органға растайтын құжаттамамен қоса оларды жою туралы еркін нысандағы анықтама ұсынады.
20. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша сәйкес келмеушіліктер болмаған не бірінші санатқа сәйкес келмеушіліктер болған жағдайда уәкілетті орган өтініш беруші қол қойған актіні ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификатты ресімдейді және оны көрсетілген сертификатты өтініш берушіге беретін мемлекеттік корпорацияға береді.
21. Актіде көрсетілген екінші санаттағы сәйкес келмеушіліктер болған кезде уәкілетті орган өтініш беруші осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген анықтаманы және растаушы құжаттаманы ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды тексереді және ескертулер болмаған жағдайда, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификатты ресімдейді және оны көрсетілген сертификатты өтініш берушіге беретін мемлекеттік корпорацияға береді.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Сертификат беруден бас тарту үшін мыналар:
1) құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін немесе толық болмауын анықтау;
2) өтініш берушіге қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) осы Қағидалардың 16-тармағымен көзделген 3-санатты сертификаттық талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатта бұрын көрсетілмеген жаңа аэронавигациялық қызмет көрсету түрлерін (кіші түрлерін) жүзеге асыру үшін өтініш беруші мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш пен осы Қағидаларға
2-қосымшаға сәйкес мәлімделген аэронавигациялық қызмет көрсету түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты бөлігінде құжаттарды жолдайды.
Бұл ретте, аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші қосымша сертификаттау үшін Салық кодексінің 554-бабының 7-тармағының
9) тармақшасымен белгіленген аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттауға жарнасынан алынатын алым 10% көлемде алым төлейді.
Сертификаттауды жүргізу тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленеді.»;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3 3. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
2018 жылғы « » _____________

1 «Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
21 желтоқсандағы
№ 900 бұйрығына
1-қосымша
«Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

2 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
21 желтоқсандағы
№ 900 бұйрығына
2-қосымша
Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру
қағидаларына 2-қосымша

1 1. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

2 2. Қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат.

3

3. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі және (немесе) іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығы және (немесе) метеорологиялық орган және (немесе) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметінің (мәлімделетін қызмет түріне байланысты) штаттық кестесі және персоналмен жасақталуы туралы мәліметтер.

4

4. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі және (немесе) іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығы және (немесе) метеорологиялық орган және (немесе) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (мәлімделетін қызмет түріне байланысты) туралы ережелер.

5

5. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі және (немесе) іздестіру мен құтқару жөніндегі үйлестіру орталығы және (немесе) метеорологиялық орган және (немесе) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (мәлімделетін қызмет түріне байланысты) кіретін аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің басшылық құрамы туралы мәлімет, басшылық құрамның білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы тиісті құжаттардың көшірмесі;

6 6. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің (құрамында бес және одан көп филиалы (өкілдігі) бар ұйымдар үшін) кемінде 3 жыл кезеңге арналған бекітілген даму жоспары.

7 7. Сақтандырудың міндетті түрлері туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талабына сәйкес сақтандыру міндеттемелері бойынша мәліметтер.

8 8. Персоналдың техникалық оқу және біліктілігін арттыру курстарын жоспарлау, өткізуді растайтын құжаттама.

9

9. Ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша бекітілген нұсқау (егер шарттық негізде ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі ұқсас қызмет көрсету түрін ұсынатын басқа аэронавигациялық қызметті берушінің бақылауында болса – шарттың қосымшасымен осындай қызмет көрсетушінің ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша бекітілген нұсқауы).

10 10. Салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып сертификаттау жүргізуге мемлекеттік алым төлемі фактісін растайтын төлем тапсырмасы нұсқасының көшірмелері.

11 11. Диспетчердің, оператордың жұмыс технологияларының көшірмелері (сертификаттауға өтініш берген әрбір бөлімше үшін).

12 12. Соңғы жылдағы әуе трассаларындағы (жауапкершілік ауданында) ұшу қозғалысының қарқындылығы және әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) секторларының (аймақтарының) өткізу қабілеті туралы анықтама.

13 13. Радиотехникалық жабдықтарды және радиобайланысты пайдалану қызметіне бекітілген ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ҰРТҚ) және байланыс жабдықтарының (құралдарының) жиынтық тізбесі.

14 14. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету тәртібін айқындайтын құжаттар:

ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтеу жөніндегі бекітілген нұсқаулықтар тізбесі;
ҰРТҚ және байланыс құралдарына жай-күйі бойынша қызмет көрсетілетін құралдардан басқа техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестесі;
ҰРТҚ және авиациялық электр байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге аэронавигациялық ұйымның басқа ұйымдармен жасасқан келісімдердің көшірмелері;
өлшеу және бақылау құралдарын есепке алу бойынша ақпарат;
ҰРТҚ және байланыс құралдарына жерүсті тексеру жүргізу туралы ақпарат;
ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшу кезінде тексеру жүргізу туралы ақпарат;
ҰРТҚ және байланыс құралдарының «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 41-39) тармақшасына сәйкес бекітілген азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы ақпарат.

15 15. Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (бұдан әрі – ААБ қызметі) персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттар:

бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар;
шығыс аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) берушілер мен ААБ қызметі арасында жасалған келісімдер;
ААБ қызметінің ішкі бөлімдері арасында өзара іс-қимыл жасау рәсімдері;
шығыс аэронавигациялық ақпарат берушілердің қолданыстағы тізбесі;
ААБ қызметінің бекітілген құрылымы;
сапа менеджменті жүйесінің сертификаты.

16 16. Метеорологиялық жабдықтың құрамы мен орналастыру схемасы.

17 17. Әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық.

18 18. Метеорологиялық жабдыққа соңғы тексеру жүргізу туралы ақпарат.

19 19. Метеорологиялық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персоналдың бекітілген үлгілік лауазымдық нұсқаулықтары.

20 20. Авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігіне бағалау жүргізуді растайтын құжаттар:

құзыреттілікке бағалау жүргізудің бекітілген әдістемесі;
соңғы жүргізілген құзыреттілікті бағалау жөніндегі анықтама.

21 21. Халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) 9000 сериялы сапа менеджменті жүйесінің сертификаты.

22 22. Іздестіру және құтқару жөніндегі үйлестіру орталығы персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттар:

бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар;
бекітілген жұмыс технологиясы.

3 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
21 желтоқсандағы
№ 900 бұйрығына
3-қосымша
Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру
қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Қыз­мет көр­се­ту
Қыз­мет көр­се­ту тү­рі
Қыз­мет көр­се­ту­дің кі­ші тү­рі
Ес­керт­пе *
1
2
3
4
Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту (ATS)
Әуе қоз­ға­лы­сы­на дис­пет­чер­лік қыз­мет көр­се­ту (ATS)
Аудан­дық дис­пет­чер­лік қыз­мет көр­се­ту
---
Қо­ну­ға жа­қын­да­ған­да дис­пет­чер­лік қыз­мет көр­се­ту
---
Әу­е­ай­лақ­ты дис­пет­чер­лік қыз­мет көр­се­ту
---
Ұшу-ақ­па­рат­тық қыз­мет көр­се­ту (FIS)
OFIS де­ректе­рін та­ра­ту
---
Кон­суль­та­ци­я­лар мен ақ­па­рат­тар­ды ұсы­ну
Да­уы­стық де­ректер­ді қол­да­ну­ға негіз­де­ген (да­уы­стық ATIS), әу­е­ай­лақ ма­ңын­да ақ­па­рат­ты ав­то­мат­ты та­ра­ту қыз­ме­ті
---
Әу­е­ай­лақ ауда­нын­да ақ­па­рат­ты де­ректер­ді та­ра­ту же­лі­сі (D – ATIS) ар­қы­лы ав­то­мат­ты та­ра­ту қыз­ме­ті
---
VOLMET ра­дио­ха­бар­ла­рын та­ра­ту
---
Ава­ри­я­лық ха­бар бе­ру (AL)
---
---
Әу­е­ай­лақ­тық ұшу-ақ­па­рат­тық қыз­мет көр­се­ту AFIS)
---
---
Әуе ке­ңі­сті­гі­нің ди­зай­нын, әуе трас­са­ла­рын және әу­е­ай­лақ­тық сыз­ба­лар­ды тал­дай­тын қо­сал­қы қыз­мет көр­се­ту
------
-----
Бай­ла­ныс, на­ви­га­ция және ба­қы­лау жүй­е­сін бе­ру (CNS)
Бай­ла­ныс (С)
Авиа­ци­я­лық ра­дио­бай­ла­ныс (әуе-жер бай­ла­ны­сы)
Ұшу-ақ­па­рат­тық қыз­мет көр­се­ту үшін
Аудан­дық дис­пет­чер­лік қыз­мет көр­се­ту үшін
Қо­ну­ға жа­қын­да­ған­да дис­пет­чер­лік қыз­мет көр­се­ту үшін
Әу­е­ай­лақ­тық дис­пет­чер­лік қыз­мет көр­се­ту үшін
Авиа­ци­я­лық жұ­мыстар­ды орын­дау үшін
Ава­ри­я­лық-құт­қа­ру және із­де­сті­ру-құт­қа­ру жұ­мыста­ры­на ар­нал­ған ава­ри­я­лық ра­дио­бай­ла­ныс үшін
Авиа­ци­я­лық электр бай­ла­ны­сы (жер-жер бай­ла­ны­сы)
ӘҚҚҚ ор­ган­да­ры­ның өза­ра іс- қи­мы­лын қам­та­ма­сыз ету үшін
Әу­е­жай ішін­де­гі электр бай­ла­ны­сы үшін
Тір­кел­ген авиа­ци­я­лық электр бай­ла­ныс же­лі­сі үшін
На­ви­га­ция (N)
Әуе кең­сті­гін­де NDB даб­ы­лын қам­та­ма­сыз ету
-----
Әуе ке­ңі­сті­гін­де VOR даб­ы­лын қам­та­ма­сыз ету
------
Әуе ке­ңі­сті­гін­де DME даб­ы­лын қам­та­ма­сыз ету
-------
Әуе ке­ңі­сті­гін­де ILS даб­ы­лын қам­та­ма­сыз ету
I са­нат
II са­нат
III са­нат
III A са­на­ты
III B са­на­ты
III C са­на­ты
Әуе ке­ңі­сті­гін­де GBAS даб­ы­лын қам­та­ма­сыз ету
-------
Ба­қы­лау (S)
Бір жақ­ты шо­лу ра­дио­ло­ка­то­ры де­ректе­рін ұсы­ну
-------
Екі жақ­ты шо­лу ра­дио­ло­ка­то­ры де­ректе­рін ұсы­ну
Mode A/C
Mode S
ADS-B де­ректе­рін ұсы­ну
------
Әуе қоз­ға­лы­сын бас­қа­ру­дың ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­сі (ӘҚБ АЖ)
------
Әуе қоз­ға­лы­сын ав­то­мат­ты бас­қа­ру құ­рал­да­ры
Әуе қоз­ға­лы­сын бас­қа­ру­дың ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­сі (ӘҚБ АЖ)
Әуе қоз­ға­лы­сын бас­қа­ру­дың құ­рал­да­рын ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған құ­рал­дар ке­ше­ні (ӘҚБ АҚК)
Әуе қоз­ға­лы­сын бас­қа­ру­дың ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жұ­мыс ор­ны
(ӘҚБ АЖО)
Бай­ла­ныс, на­ви­га­ция және ба­қы­лау жүй­е­сін бе­ру (жал­пы қыз­мет­те­рі)
Ра­дио­ло­ка­ци­я­лық ақ­па­рат­ты, ұшу қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ете­тін дис­пет­чер­лік қыз­мет­тер мен ла­у­а­зым­ды тұ­лға­лар­дың сөй­ле­су­ле­рін құ­жат­тау жабды­ғы
Ба­қы­лау құ­рал­да­ры­ның ақ­па­ра­тын құ­жат­тау жабды­ғы
Дис­пет­чер­лік қыз­мет­тер­дің, опе­ра­тор­лар мен ұшу­ды қам­та­ма­сыз ету­ші тұ­лға­лар­дың сөй­ле­су­ле­рін құ­жат­тау жабды­ғы
Бас­қа қыз­мет көр­се­ту­лер
Аэро­на­ви­га­ци­я­лық ақ­па­рат бе­ру
Аэро­на­ви­га­ци­я­лық ақ­па­рат жи­на­ғын шы­ға­ру
------
NOTAM шы­ға­ру
------
Ав­то­мат­тан­ды­рыл­ма­ған ұшу ал­ды ақ­па­рат бюл­ле­тень­де­рін шы­ға­ру (PIB)
------
Ұшу­ды ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету
Әу­е­ай­лақ­тық ме­тео­ро­ло­ги­я­лық ұй­ым
Ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету 4
(А, Б, В) неме­се
2, 3 (Г, Д) неме­се
1 (Е) (ҰҚЖ кла­ста­ры) код­тық бел­гі­ле­рі­мен ҰҚЖ үшін
қо­ну­ға ас­пап­тар неме­се көз­бен шо­лып кі­ру бой­ын­ша қо­ну­ға кі­ру та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­ді
Ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету ИКАО І са­на­ты бой­ын­ша қо­ну­ға нақ­ты бет­теу та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­ді
Ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету ІІ са­на­ты бой­ын­ша қо­ну­ға нақ­ты бет­теу та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­ді
Ме­тео­ро­ло­ги­я­лық ба­қы­лау ор­га­ны
-------
Із­де­сті­ру-құт­қа­ру­ды қам­та­ма­сыз ету
-----
Із­де­сті­ру және құт­қа­ру үй­ле­сті­ру ор­та­лы­ғы­ның қыз­ме­тін ұсы­ну
Ескерту *: егер қолданылса, АТС бірліктерінің орналасуын және олардың атауларын, байланыс құралдарын және байланыс құралдарын орналастыратын орынды, әуеайлақтың атауы.».

4 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
21 желтоқсандағы
№ 900 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 509 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11579 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

2

2. «Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 510 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11583 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3

3. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 687 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14480 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Қолданыстағы