Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 июля 2017 года № 505 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов уголовно-исполнительной системы»

Бұйрық · № 972 · қабылданған 06.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2017-no-505-ekb-135905/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 июля 2017 года № 505 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов уголовно-исполнительной системы» Қолданыста Бұйрық ·№ 972 ·06.11.2019
06.11.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 июля 2017 года № 505 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов уголовно-исполнительной системы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 972 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 июля 2017 года № 505 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов уголовно-исполнительной системы»
Атауы (қаз.)
«Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
972
Қабылданған күні
06.11.2019
Көрсетілген редакция
06.11.2019 135905_427342.kaz
Соңғы өзгеріс
06.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019567
ЭКБ идентификаторы
135905
Редакция идентификаторы
135905_427342
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:57

0 «Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының

ішкі тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15564 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қыркүйекте Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларында:
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Күдіктiлерге және айыпталушыларға арналған сауқаттарды, сәлемдемелердi қабылдау тергеу изоляторының осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес сәлемдемелерді қабылдау бөлмесінің жиһазы мен мүккәмалы тізбесіне сәйкес жабдықталған үй-жайында жүзеге асырылады. Күдіктiлерге және айыпталушыларға салмағы 20 килограммнан аспайтын сауқаттар мен сәлемдемелердің санын шектеусіз алуға рұқсат етіледі. Сәлемдемелер келушілердің кезектілік тәртiбiнде қабылданады. Тiзбе мемлекеттiк және ресми қолданылатын орыс тiлдерiнде сәлемдемелер қабылдауға арналған үй-жайда iлiнедi.»;
1-қосымшаның 1-тармағының 12) тармақшасы алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы