О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 июля 2017 года № 505 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов уголовно-исполнительной системы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 июля 2017 года № 505 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов уголовно-исполнительной системы»
- Атауы (қаз.)
- «Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 15.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2021 152369_506941.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022099
- ЭКБ идентификаторы
- 152369
- Редакция идентификаторы
- 152369_506941
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:50
0 «Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының
ішкі тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15564 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қыркүйекте Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Күдіктілер мен айыпталушыларды камералар бойынша орналастыру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камераларға ауыстыру жоспары негізінде «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңның (бұдан әрі - Заң) 32-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Тергеу изоляторының әкімшілігі олардың арасындағы байланысты болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.
Жаңа келген күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторында ұстау тәртібімен және жағдайымен таныстыру, сондай-ақ денсаулығының жағдайын тексеру және санитариялық-гигиеналық іс-шараларды жүргізу, олармен психологиялық тексерістерді жүргізу мақсатында көрсетілген адамдар 15 тәулікке дейін карантин бөлімшесіне орналастырылады.
Күдіктілерді және айыпталушыларды камераларға жедел қызмет қызметкерінiң келiсiмi бойынша, ал кәмелетке толмағандарды тәрбие жұмысы жөнiндегi нұсқаушының келiсiмi бойынша кезекшi көмекші немесе оның орынбасары орналастырады. Науқас адамдар медицина қызметкерлерiнiң нұсқауымен орналастырылады. Жұқпалы аурумен науқас адамдар жеке камераларға орналастырылады. Карантинде ұстау мерзiмi медициналық көрсеткiштер бойынша белгiленедi.
Заңның 32-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл ретте бейнебақылау жүйесі арқылы және қосымша (уақытша) бекет қою арқылы күшейтілген қадағалау қамтамасыз етіле отырып, суицид жасау қауіпі бар адамдарды жалғыз ұстауға жол берілмейді.»;
65-тармақтың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сәлемдеменің салмағы осы Қағидаларға 61-тармағында көзделген нормаға сәйкес келмеген;».