О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 июля 2017 года № 505 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов уголовно-исполнительной системы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 июля 2017 года № 505 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов уголовно-исполнительной системы»
- Атауы (қаз.)
- «Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 200
- Қабылданған күні
- 07.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2021 154567_519784.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022534
- ЭКБ идентификаторы
- 154567
- Редакция идентификаторы
- 154567_519784
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:45
0 «Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының
ішкі тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15564 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қыркүйекте Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларында:
116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«116. Тергеу изоляторларының медициналық бөлімдерінің жанында стационарлық бөлімшелер ұйымдастырылады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 745 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21534 болып тіркелген) бекітілген Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан бас бостандығы шектелген адамдарға, сондай-ақ ұсталған, қамауға алынған және арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес тергеу изоляторында ұсталатын науқастар арнайы медициналық көмек көрсетуді қажет ететін жағдайларда денсаулық сақтауды мемлекеттік жергілікті басқару органының медициналық ұйымдарына жіберіледі, ол үшін жинамалы күзет құралдарымен жабдықталған оқшауланған палаталар бөлінеді.».