Құжат мәтініне өту

Об утверждении требований к программным продуктам, используемых декларантами или лицами, осуществляющими деятельность в сфере таможенного дела, для представления документов и сведений, предусмотренных Кодексом Республики Казахстан от 26 декабря 2017 года «О таможенном регулировании в Республике Казахстан»

Бұйрық · № 266 · қабылданған 23.02.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2017/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении требований к программным продуктам, используемых декларантами или лицами, осуществляющими деятельность в сфере таможенного дела, для представления документов и сведений, предусмотренных Кодексом Республики Казахстан от 26 декабря 2017 года «О таможенном регулировании в Республике Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 266 ·23.02.2018
23.02.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении требований к программным продуктам, используемых декларантами или лицами, осуществляющими деятельность в сфере таможенного дела, для представления документов и сведений, предусмотренных Кодексом Республики Казахстан от 26 декабря 2017 года «О таможенном регулировании в Республике Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 266 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении требований к программным продуктам, используемых декларантами или лицами, осуществляющими деятельность в сфере таможенного дела, для представления документов и сведений, предусмотренных Кодексом Республики Казахстан от 26 декабря 2017 года «О таможенном регулировании в Республике Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
266
Қабылданған күні
23.02.2018
Көрсетілген редакция
23.02.2018 119301_300301.kaz
Соңғы өзгеріс
23.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016506
ЭКБ идентификаторы
119301
Редакция идентификаторы
119301_300301
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:40

0

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 439-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын техникалық талаптар бекітілсін.

2

2. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 230 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде № 10856 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбек он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы №266
бұйрығымен бекітілген
2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын
бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптар
Декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесіне кедендік декларацияны тапсыру үшін оны қалыптастыру мақсатында мынадай талаптарға сәйкес:

1 1) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылатын электрондық анықтамалар және жіктеуіштер негізінде жаңартылатын нормативтік-анықтамалық ақпаратты қамтуы;

2 2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік құжаттардың электрондық көшірмелерінің құрылымы мен форматына сәйкес келуі;

3

3) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес бағдарламалық өнімдерін пайдалана алады.

Қолданыстағы