О внесении изменения в решение акима Зайсанского района от 26 ноября 2018 года № 15 «Об образовании избирательных участков по Зайсанскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Зайсанского района от 26 ноября 2018 года № 15 «Об образовании избирательных участков по Зайсанскому району»
- Атауы (қаз.)
- Зайсан ауданының әкімінің 2018 жылғы 26 қарашадағы «Зайсан ауданы бойынша сайлау учаскелерiн құру туралы» № 15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 14
- Қабылданған күні
- 13.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 13.11.2020 148548_491726.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VK007814
- ЭКБ идентификаторы
- 148548
- Редакция идентификаторы
- 148548_491726
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:46
0 Зайсан ауданының әкімінің 2018 жылғы
26 қарашадағы «Зайсан ауданы бойынша
сайлау учаскелерiн құру туралы» № 15
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, Зайсан ауданының әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Зайсан ауданының әкімінің 2018 жылғы 26 қарашадағы «Зайсан ауданы бойынша сайлау учаскелерiн құру туралы» № 15 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-11-172 тіркелген, 2018 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы №598, 603, 604, 605, 607, 613, 616, 617, 618, 622, 623, 625, 627, 628 сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялануға жолдануын;
3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы М.Каламовқа жүктелсін.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Зайсан аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
С. Сиырбаев
8 № 598 сайлау учаскесі
Зайсан ауданы әкімінің
2020 жылғы 13 қарашасы
№ 14 шешіміне
қосымша
№ 598 сайлау учаскесі
Орталығы: Көгедай ауылы, 4-Шартты көшесі,1, Зайсан ауданы әкімдігінің «Көгедай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон 29-700.
Шекаралары: Көгедай ауылы, шалғайдағы мал шаруашылық учаскелерінің шекаралары шегінде.
№ 603 сайлау учаскесі
Орталығы: Біржан ауылы, Амангелді көшесі, 23, Зайсан ауданы әкімдігінің «Амангелді атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон 50-132.
Шекаралары: Біржан ауылы, шалғайдағы мал шаруашылық учаскелерінің шегінде.
№ 604 сайлау учаскесі
Орталығы: Қуаныш ауылы, 6-Шартты көшесі, 2, Зайсан ауданы әкімдігінің «А.Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон 22-767.
Шекаралары: Қуаныш ауылы, шалғайдағы мал шаруашылық учаскелерінің шекаралары шегінде.
№ 605 сайлау учаскесі
Орталығы: Ақарал ауылы, 2-Шартты көшесі,4 жеке үй, телефон 20-864.
Шекаралары: Ақарал ауылы, шалғайдағы мал шаруашылық учаскелерінің шекаралары шегінде.
№ 607 сайлау учаскесі
Орталығы: Айнабұлақ ауылына қарасты Сартұмсық шаруа қонысы,1-Шартты көшесі, 4, жеке үй, телефон 8(72359)26-230.
Шекаралары: Талды, Сартұмсық қоныстары, Айбала, Мәдени, Таянбай, Жаңғызтал, Ақтам-1, Ақтам-2, Ащылы, Сарман, Өкей, Шолақбұлақ, Көкшоқай, Алшын, Ақтеріскей, Биесимас, Уақбұлақ шалғайдағы мал шаруашылық учаскелерінің шекаралары шегінде.
№ 613 сайлау учаскесі
Орталығы: Кеңсай ауылына қарасты Сарши шаруа қонысы,1-Шартты көшесі, 2, жеке үй, телефон 8(72359)27-010.
Шекаралары: Сарши қонысы, Айдахарлы, Сарқырама, Бүгіл, Аяққы Еділ, Ортаңғы Еділ, Басқы Еділ, Шиқалдай, Қизат, Басқы Қизат, Шұрық, Сейіт, Меруерт, Жанделі, Екі аша, Бұлқайыр, Қаракемер шалғайдағы мал шаруашылық учаскелерінің шекаралары шегінде.
№ 616 сайлау учаскесі
Орталығы: Дауал ауылы, 1-Шартты көшесі, 9/1, жеке үй, телефон 8(72359) 30-250.
Шекаралары: Дауал, Сәтбай ауылдары, шалғайдағы мал шаруашылық учаскелерінің шекаралары шегінде.
№ 617 сайлау учаскесі
Орталығы: Мұқашы ауылы, 1-шартты көшесі, 1 жеке үй, телефон 50-949.
Шекаралары: Мұқашы ауылы, шалғайдағы мал шаруашылық учаскелерінің шекаралары.
№ 618 сайлау учаскесі
Орталығы: Қаратал ауылы, Әбдірәш Кебаев көшесі,80, Зайсан ауданы әкімдігінің «Қаратал орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон 24-790.
Шекаралары: Қаратал, Жіңішкесу ауылдары, шалғайдағы мал шаруашылық учаскелерінің шекаралары шегінде.
№ 622 сайлау учаскесі
Орталығы: Жалши ауылы, Бұтабайұлы көшесі,57, Зайсан ауданы әкімдігінің «Шекарашы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон 51-494.
Шекаралары: Жалши ауылы, шалғайдағы мал шаруашылық учаскелерінің шекаралары шегінде.
№ 623 сайлау учаскесі
Орталығы:Какен-Талды ауылы, Какен-Талды көшесі,10 жеке үй, телефон 51-602.
Шекаралары: Какен-Талды ауылы, шалғайдағы мал шаруашылық учаскелерінің шекаралары шегінде.
№ 625 сайлау учаскесі
Орталығы: Зайсан қаласы, Василий Кондюрин көшесі, 1, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зайсан ауданы шекара басқармасы, телефон 27-768.
Шекаралары: Зайсан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зайсан ауданы шекара басқармасының шекаралары шегінде.
№ 627 сайлау учаскесі
Орталығы: Шілікті ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 23, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зайсан ауданы шекара басқармасының «Шілікті» шекара бөлімі, телефон 27-866.
Шекаралары: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зайсан ауданы шекара басқармасының «Шілікті» шекара бөлімі шекаралары шегінде.
№ 628 сайлау учаскесі
Орталығы: Қаратал ауылы, Кеңес Рамазанов көшесі, 56, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зайсан ауданы шекара басқармасының «Қаратал» шекара бөлімі, телефон 27-741.
Шекаралары: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зайсан ауданы шекара басқармасының «Қаратал» шекара бөлімі шекаралары шегінде.