Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 16 «Об утверждении правил регистрации цен»

Бұйрық · № 12 · қабылданған 25.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2018-no-16-ekb-184405/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 16 «Об утверждении правил регистрации цен» Қолданыста Бұйрық ·№ 12 ·25.07.2023
25.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 16 «Об утверждении правил регистрации цен»

Қолданыста Бұйрық ·№ 12 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 16 «Об утверждении правил регистрации цен»
Атауы (қаз.)
«Бағаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
12
Қабылданған күні
25.07.2023
Көрсетілген редакция
25.07.2023 184405_644298.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033179
ЭКБ идентификаторы
184405
Редакция идентификаторы
184405_644298
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:44

0 «Бағаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Бағаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18065 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 39) тармақшасына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағаларды тіркеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағаларды тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 39) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қағидалар аумақтық статистика бөлімшелерінің бағалар туралы ақпаратты жинау процесін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға арналған.»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қағидаларда «Мемлекеттік статистика туралы» Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар және мынадай негізгі анықтамалар пайдаланылады:»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бағаларды тіркеуді тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір саны мен бағалар (тарифтер) тіркелетін базалық объектілер бекітіліп берілген аумақтық статистика бөлімшелерінің тиісті лауазымды адамдары (бұдан әрі – маман) жүзеге асырады.»;
7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарлар мен ақылы көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне бағалар (тарифтер) интернет арқылы (жолаушылардың теміржол көлігі мен әуе көлігі қызметі, ұялы байланыс, медициналық қызметтің жекеленген түрлері және басқа) немесе телефон (факс) арқылы тіркеледі. Бағалар туралы ақпаратты телефон арқылы алған кезде олардың қызметкерлерімен жеке байланысты ұстап тұру мақсатында және олардың бағаны анықтау кезінде өкіл тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) таңдауы кезінде қателіктерге жол бермеуі мақсатында, сондай-ақ іріктелген өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) ерекшеліктерінің салыстырмалылығына көз жеткізу үшін мамандар базалық объектілерге кезең-кезеңімен (тоқсанына бір рет) барып тұрады.»;
8-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) нақты түрлеріне тіркелген бағалар (тарифтер) тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанына енгізіледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бағаларды тiркеу іріктемелі статистикалық байқау қағидаттарына негізделеді және өңірдің елді мекенінің, елді мекендегі сауда объектілерінің, тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) және олардың базалық объектідегі әртүрлілігінің тек бір бөлігін қамтиды.
Бағаларды тіркеу үшін іріктеп алынған елді мекендердің тізбесін статистиканың аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы (бұдан әрі – құрылымдық бөлімшенің басшысы) қалыптастырады және статистиканың аумақтық бөлімшесінің басшысымен келісіледі.
Бағаларды тіркеу үшін базалық объектілерді және елді мекендердің тізбесін іріктеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12955 болып тіркелген) Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Статистиканың аумақтық бөлімшелері статистикалық байқау жүргізу кезінде Заңның алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығы мен қорғалуын қамтамасыз ететін ережелеріне сәйкес басшылықты, сауда және көрсетілетін қызмет саласындағы базалық объектілер иелерін олардың объектілері бағаларды тіркеу үшін базалық объектілер тізіміне енгізілгені туралы хабардар етеді.
Бағаларды тіркеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін құрылымдық бөлімше басшысы мамандар арасында бөледі. Әрбір өкіл тауарға (көрсетілетін қызметке) маман олардың нақты ассортиментті түрлерін таңдап алады. Байқауға таңдап алынған өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) ассортиментті түрлері құрылымдық бөлімше басшысымен келісіледі.»;
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Есепті жылдың басында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық статистика бөлімшесінің басшысы бекітетін тоқсандар бойынша Бағаларды тіркеу кезіндегі деректердің сапасы мен анықтығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) жасалады.»;
Бағаларды тіркеу қағидаларына 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«
Бағаларды тіркеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_____________________
_____________________
(аумақтық статистика
бөлімшесінің атауы)
»;
Бағаларды тіркеу қағидаларына 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«
Бағаларды тіркеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
_____________________
_____________________
(аумақтық статистика
бөлімшесінің атауы)
»;
Бағаларды тіркеу қағидаларына 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«
Бағаларды тіркеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
аумақтық статистика
бөлімшесінің басшысы
_____________________
(Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)) __________________
(қолы)
20__жылғы «___»___________
»;
Бағаларды тіркеу қағидаларына 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«
Бағаларды тіркеу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
_____________________
_____________________
(аумақтық статистика
бөлімшесінің атауы)
».

2 2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы