О внесении изменения в решение Махамбетского районного маслихата от 26 января 2018 года № 209 «Об установлении единых ставок фиксированного налога»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Махамбетского районного маслихата от 26 января 2018 года № 209 «Об установлении единых ставок фиксированного налога»
- Атауы (қаз.)
- Махамбет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 209 «Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 316
- Қабылданған күні
- 22.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2020 128842_478511.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19TC004338
- ЭКБ идентификаторы
- 128842
- Редакция идентификаторы
- 128842_478511
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:18
0 Махамбет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 209 «Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546-бабы 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Махамбет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы №209 «Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4059 санымен тіркелген, 2018 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшадағы реттік нөмірі - 7 жол осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Б.Рахметов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Аудандық мәслихаттың
2019 жылғы 22 қаңтардағы
№316 шешіміне қосымша
Тіркелген салықтың мөлшерлемелері
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен)
1
2
3
7
Махамбет ауданында орналасқан уәкілетті ұйымның айырбастау пункті
25