Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 26 сентября 2018 года № 251-VІ «Об утверждении ставок платежей за эмиссии в окружающую среду по Атырауской области»

Өзге акт · № 160-VII · қабылданған 20.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2018-no-251-v/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 26 сентября 2018 года № 251-VІ «Об утверждении ставок платежей за эмиссии в окружающую среду по Атырауской области» Қолданыста Өзге акт ·№ 160-VII ·20.06.2022
20.06.2022 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 26 сентября 2018 года № 251-VІ «Об утверждении ставок платежей за эмиссии в окружающую среду по Атырауской области»

Қолданыста Өзге акт ·№ 160-VII · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 26 сентября 2018 года № 251-VІ «Об утверждении ставок платежей за эмиссии в окружающую среду по Атырауской области»
Атауы (қаз.)
Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 251-VІ «Атырау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
160-VII
Қабылданған күні
20.06.2022
Көрсетілген редакция
20.06.2022 169197_580714.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22T0028589
ЭКБ идентификаторы
169197
Редакция идентификаторы
169197_580714
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:22

0 Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 251-VІ «Атырау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 251-VІ «Атырау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4261 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Атырау облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін көтеру туралы»;
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабының 8-тармағына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;
1- тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Атырау облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес көтерілсін.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Атырау облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін көтерілген төлемақы мөлшерлемелері

Атырау облыстық мәслихатының
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 160-VII шешіміне қосымша
Атырау облыстық мәслихатының
2018 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 251-VI шешіміне қосымша
Атырау облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін көтерілген төлемақы мөлшерлемелері

1 1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №
Ластаушы заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1
2
3
4
1.
Күкірт оксидтері (SOx)
20
2.
Азот оксидтері (NOx)
20
3.
Шаң және күл
10
4.
Қорғасын және оның қосылыстары
3986
5.
Күкіртсутек
124
6.
Фенолдар
332
7.
Көмірсутектер
0,32
8.
Формальдегид
332
9.
Көміртегі монооксиді
0,32
10.
Метан
0,02
11.
Күйе
24
12.
Темір тотықтары
30
13.
Аммиак
24
14.
Алты валентті хром
798
15.
Мыс тотықтары
598
16.
Бенз(а)пирен
996,6

2 2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Отын түрлері
Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)
1
2
3
1.
Этилденбеген бензин үшін
0,66
2.
Дизель отыны үшін
0,9
3.
Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін
0,48

3 3. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №
Ластаушы заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1
2
3
1.
Нитриттар
1 340
2.
Мырыш
2 680
3.
Мыс
26 804
4.
Оттегіне биологиялық қажеттілік
8
5.
Тұзды аммоний
68
6.
Мұнай өнімдері
536
7.
Нитраттар
2
8.
Жалпы темір
268
9.
Сульфаттар (анион)
0,8
10.
Өлшенген заттар
2
11.
Синтетикалық беткі-белсенді заттар
54
12.
Хлоридтер (анион)
0,2
13.
Алюминий
54

4 4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №
Қалдықтардың түрлері
Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 тонна үшін
1 гигабеккерель үшін (Гбк)
1
2
3
4
1.
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін:
1.1.
Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар
1.1.1.
қауіпті қалдықтар
8,01
1.1.2.
қауіпсіз қалдықтар
1,06
1.2.
Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері:
1.2.1.
Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы)
0,38
1.2.2.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):
1.2.2.1.
аршынды жыныстар
0,004
1.2.2.2.
жанасқан таужыныстары
0,026
1.2.2.3.
байыту қалдықтары
0,02
1.2.2.4.
шлактар, шламдар
0,038
1.2.3.
Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар
0,038
1.2.4.
Күл мен күлшлактар
0,66
1.2.5.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы
0,002
1.2.6.
Радиоактивті қалдықтар:
1.2.6.1.
трансуранды
0,76
1.2.6.2.
альфа-радиоактивті
0,38
1.2.6.3.
бета-радиоактивті
0,04
1.2.6.4.
шынақты радиоактивті көздер
0,38

5 5. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 АЕК құрайды.

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Р/с- реттік саны
АЕК – айлық есептік көрсеткіш

Қолданыстағы