Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения и изменения в решение Кордайского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 29-9 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району»

Ереже · № 48-3 · қабылданған 05.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2018-no-29-9-ekb-130838/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнения и изменения в решение Кордайского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 29-9 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району» Күшін жойған Ереже ·№ 48-3 ·05.04.2019
25.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения и изменения в решение Кордайского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 29-9 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району»

Күшін жойған Ереже ·№ 48-3 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения и изменения в решение Кордайского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 29-9 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району»
Атауы (қаз.)
«Қордай ауданы бойынша әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 29-9 шешіміне толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
48-3
Қабылданған күні
05.04.2019
Қолданысқа енгізілген күні
27.04.2019
Көрсетілген редакция
25.12.2020 130838_505185.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19GE004190
ЭКБ идентификаторы
130838
Редакция идентификаторы
130838_505185
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:30

0 «Қордай ауданы бойынша әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»

Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы №29-9 шешіміне толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 29-9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3787 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылдың 26 сәуірінде жарияланған) келесі толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының:
7 тармағының 1) тармақшасы 1.4. абзацпен толықтырылсын:
«1.4. Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шыққан күніне 30 жыл толуына байланысты атаулы және мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмекке қосымша біржолғы әлеуметтік көмек Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери міндетін өтеу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде, Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде, 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілерге 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде көрсетілсін.»;
21 тармақ алып тасталсын.

2

2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Заурбаеваға (келісімі бойынша) жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы