Құжат мәтініне өту

О внесении изменении в решение акима города Атырау от 26 декабря 2018 года № 29 «Об образовании избирательных участков на территории города Атырау»

Өзге акт · № 15 · қабылданған 08.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2018-no-29-ekb-131419/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменении в решение акима города Атырау от 26 декабря 2018 года № 29 «Об образовании избирательных участков на территории города Атырау» Күшін жойған Өзге акт ·№ 15 ·08.05.2019
25.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменении в решение акима города Атырау от 26 декабря 2018 года № 29 «Об образовании избирательных участков на территории города Атырау»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 15 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменении в решение акима города Атырау от 26 декабря 2018 года № 29 «Об образовании избирательных участков на территории города Атырау»
Атауы (қаз.)
Атырау қаласы әкімінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 29 «Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15
Қабылданған күні
08.05.2019
Көрсетілген редакция
25.11.2020 131419_495084.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19TA004395
ЭКБ идентификаторы
131419
Редакция идентификаторы
131419_495084
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:02

0 Атырау қаласы әкімінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 29 «Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Атырау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Атырау қаласы әкімінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 29 «Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (әрі қарай - Шешім) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4323 болып тіркелген, 2019 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
қосымшаның:

1

1) 27-тармағындағы «Атырау қаласы, Жұмыскер ауылы, Баймуханов көшесі, №141, «Жалпы білім беретін И.Тайманов атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты» деген мәтін «Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округі, Ракуша ауылы, Қазақстан көшесі, №16 құрылыс, «Жалпы білім беретін М.Өтемісов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты» деп жаңа редакцияда мазмұндалсын;

2 2) 34-тармағындағы «Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, №61, «Каспий строй экстра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты» деген мәтін «Атырау қаласы, Алипов көшесі, №3а үй, «Тағылым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты» деп жаңа редакцияда мазмұндалсын;

3

3) 40-тармағындағы «Атырау қаласы, Атамбаев көшесі, №19А, «Ағылшын тілінен терендетіп оқылатын техникалық гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты» деген мәтін «Атырау қаласы, Жұбан Молдағалиев көшесі, құрылыс №29А, «Атырау облысы ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ғимараты» деп жаңа редакцияда мазмұндалсын;

4

4) 247-тармағындағы «Атырау қаласы, Жұмыскер ықшам ауданы, Ш.Әбішев көшесі, №97А құрылыс, «Жұмыскер мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимараты» деген мәтін «Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округі, Ракуша ауылы, Қазақстан көшесі, №16 құрылыс «Жалпы білім беретін М.Өтемісов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты» деп жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Атырау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Нсанбаевқа жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы