О внесении изменений в постановление акимата Бейнеуского района от 26 марта 2018 года № 39 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Бейнеуского района», аппаратов акимов сел, сельских округов Бейнеуского района, исполнительных органов, финансируемых из бюджета Бейнеуского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Бейнеуского района от 26 марта 2018 года № 39 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Бейнеуского района», аппаратов акимов сел, сельских округов Бейнеуского района, исполнительных органов, финансируемых из бюджета Бейнеуского района»
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 39 «Бейнеу ауданы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 144
- Қабылданған күні
- 31.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2022 166438_568363.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22MC00144A
- ЭКБ идентификаторы
- 166438
- Редакция идентификаторы
- 166438_568363
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:47
0 Бейнеу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 39
«Бейнеу ауданы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Бейнеу ауданы әкімдігінің «Бейнеу ауданы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 26 наурыздағы № 39 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3568 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алып тасталсын.
2 2. «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.