Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 26 декабря 2018 года № 392 «Об определении территорий для старательства»

Қаулы · № 179 · қабылданған 29.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2018-no-392-ekb-132024/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 26 декабря 2018 года № 392 «Об определении территорий для старательства» Қолданыста Қаулы ·№ 179 ·29.05.2019
29.05.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 26 декабря 2018 года № 392 «Об определении территорий для старательства»

Қолданыста Қаулы ·№ 179 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 26 декабря 2018 года № 392 «Об определении территорий для старательства»
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 392 «Іздеушілік үшін аумақтарды айқындау туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
179
Қабылданған күні
29.05.2019
Көрсетілген редакция
29.05.2019 132024_408511.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19V0005987
ЭКБ идентификаторы
132024
Редакция идентификаторы
132024_408511
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:43

0 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 392 «Іздеушілік үшін аумақтарды айқындау туралы»
қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 274-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Іздеушілік үшін аумақтарды айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 392 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5721 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2019 жылғы 22 қаңтардағы«Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулыға қосымша 8 реттік нөмірі жолымен толықтырылсын.

2 2. Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Шығыс-Қазақстан облысы әкімдігінің

2019 жылғы «29» мамырдағы № 179
қаулысына қосымша

Қолданыстағы