Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 октября 2018 года № 436 «Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения по кредитам и лизингу технологического оборудования, на приобретение сельскохозяйственных животных, а также лизингу сельскохозяйственной техники»

Бұйрық · № 72 · қабылданған 19.02.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2018-no-436-ekb-129218/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 октября 2018 года № 436 «Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения по кредитам и лизингу технологического оборудования, на приобретение сельскохозяйственных животных, а также лизингу сельскохозяйственной техники» Қолданыста Бұйрық ·№ 72 ·19.02.2019
19.02.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 октября 2018 года № 436 «Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения по кредитам и лизингу технологического оборудования, на приобретение сельскохозяйственных животных, а также лизингу сельскохозяйственной техники»

Қолданыста Бұйрық ·№ 72 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 октября 2018 года № 436 «Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения по кредитам и лизингу технологического оборудования, на приобретение сельскохозяйственных животных, а также лизингу сельскохозяйственной техники»
Атауы (қаз.)
«Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
72
Қабылданған күні
19.02.2019
Көрсетілген редакция
19.02.2019 129218_390535.kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018331
ЭКБ идентификаторы
129218
Редакция идентификаторы
129218_390535
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:04

0

«Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы
26 қазандағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің (бұдан әрі – Тетік) шеңберінде қаржы институттары негізгі құралдарды сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға берген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Қағидаларға 5-қосымшада жазылған Тетік шеңберіндегі қарыз шарттары бойынша субсидиялау үшін агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша тауарлар тізбесіне сәйкес қаржы институттары берген қолданыстағы қарыз шарттары осы тармақ шеңберінде субсидиялауға жатады. Бұл ретте қарызды өтеу мерзімі және субсидиялау мерзімі 7 жылға (қоса алғанда) дейінгі уақытты құрайды.»;
мынадай мазмұндағы 42, 43 және 44-тармақтармен толықтырылсын:
«42. Қаржы институты Тетік шеңберінде берілген қаражаттың игерілуі туралы есепті (бұдан әрі – Тетік бойынша есеп) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі «Даму» КДҚ» АҚ) ұсынады.
43. «Даму» КДҚ» АҚ Тетік бойынша есепті осы Қағидаларға
6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі екінші айдың 20-нан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ) ұсынады.
44. Министрлік осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Тетік шеңберінде берілген қарыз шарттары бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы есепті тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, ҚР ҰЭМ-ге ұсынады.»;
Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Осы бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 5, 6 және
7-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
«келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

1 Ұсыныс

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 72 бұйрығына
1-қосымша
Кредиттер және технологиялық
жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын
сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл
шаруашылығы техникасының лизингі
бойынша сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Ұсыныс
Қаржы институты: ____________________________________________________
(қаржы институтының атауы)
Қарыз алушы:________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
немесе заңы тұлғаның толық атауы)
Кімге: ______________________________________________________________
(жұмыс органының атауы)

1 1

Қарыз алушы­ның ата­уы *
2
Бас­шы­ның аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са),
те­гі
3
Қарыз алушы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: да­ра кә­сіп­кер­лер, оның ішін­де бір­лес­кен кә­сіп­кер­лік ны­са­нын­да­ғы­лар үшін – ЖСН неме­се БСН/ заң­ды тұл­ға үшін – БСН/
же­ке тұл­ға үшін – ЖСН
4
Банк­тік де­ректе­ме­ле­рі
5
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры

2

КШ
(№ және кү­ні)
Со­ма­сы,
тең­ге
Сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі, %
Суб­си­ди­я­лау
кү­ніне
негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша бе­ре­шек қал­ды­ғы,
тең­ге
КШ-ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің аяқ­та­ла­тын кү­ні
Кре­дит бе­ру ва­лю­та­сы
1
2
3
4
5
6
7
1
2
3
кестенің жалғасы

Кре­дит бе­ру­дің/ ли­зинг­тің ны­са­на­лы мақ­са­ты
Кре­дит/ли­зинг ны­са­на­сы,
са­ны
Ли­зинг ны­са­на­сын
өн­ді­ру­ші ел
Мем­ле­кет­тік тір­кеу ба­за­сын­да­ғы есеп­ке алу нө­мі­рі
Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі**
ЖЭҚС бой­ын­ша төрт таң­ба­лы сы­ны­бы**
8
9
10
11
12
13
1
2
3
Ескертпе: * айналым қаражатын толықтыру/негізгі құралдарды сатып алу/құрылыс/ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты лизингке алу (керегін қою)
** «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде қаржы институттары берген қарызды ұсынған жағдайда көрсетіледі.
Осымен:

1 1) қарыз шарты Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында белгіленген қарыз шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні;

2 2) нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын, оның

ішінде аспалы және тіркемелі жабдықты (оның ішінде қайталама
лизингке берілген) сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу, негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс (ұн, минералды сулар
және алкогольсіз сусындар өндіру бойынша негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда), айналым қаражатын толықтыру болып табылатыны;

3

3) қаржылық берешегін қайта құрылымдау және жеделдетілген оңалту рәсімі жағдайларын қоспағанда, қарыз алушының қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылмағаны;

4 4) қарыз шарты республикалық бюджет және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаты есебінен қаржыландырылмағаны;

5 5) қарыз алушыда қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатты пайдаланбау фактілерінің жоқтығы;

6 6) қарыз алушыда негізгі берешекті және/немесе қарыз шарты бойынша сыйақыны өтеу бойынша мерзімі өткен берешектерінің жоқтығы;

7 7) субсидиялауға арналған өтінімде көрсетілген қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияланбайтыны расталады.

Қосымша: өтеу графигі бар қарыз шартының көшірмесі.
Өтінім беруші 20__ жылғы «__» __________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні мен уақыты

Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Басқарма 20__ жылғы «__» __________ сағат 00:00-де қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні мен уақыты

2 «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберіндегі қарыз шарттары бойынша субсидиялау үшін агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша тауарлар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 72 бұйрығына
2-қосымша
Кредиттер және технологиялық
жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын
сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл
шаруашылығы техникасының лизингі
бойынша сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
«Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің
кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820
қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберіндегі қарыз шарттары бойынша
субсидиялау үшін агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша тауарлар тізбесі

Та­у­ар­лар то­бы­ның ата­уы
ЖЭҚС ата­уы
ЖЭҚС
Шы­ға­ры­ла­тын өнім­дер мен та­у­ар­лар­дың тіз­бе­сі
1
2
3
4
5
1
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы
Кө­кө­ні­стер мен бақ­ша да­қыл­да­рын, та­мы­р­же­мі­сті­лер мен түй­нек­же­мі­сті­лер­ді өсі­ру
0113
Кө­кө­ні­стер, оның ішін­де қы­за­нақ, ба­сты пи­яз, ша­лот пи­я­зы, са­рым­сақ, по­рей пи­я­зы және бас­қа да пи­яз­ды кө­кө­ні­стер, қа­удан­ды қы­рық­қа­бат, тү­сті қы­рық­қа­бат, коль­ра­би, жа­пы­рақ­ты қы­рық­қа­бат және осы­лар­ға ұқсас же­у­ге жа­рам­ды кө­кө­ні­стер, сә­біз, шал­қан, та­мыр­лы бал­дыр­көк, шал­ғам және бас­қа да осы­лар­ға ұқсас же­у­ге жа­рам­ды та­мы­р­же­мі­сті­лер, бұ­рыш, қи­яр мен кор­ни­шон­дар, қант қы­зы­л­ша­сы мен ас­ха­на­лық қы­зы­л­ша өсі­ру. Кө­кө­ніс, кар­топ, қант қы­зы­л­ша­сы­ның тұқым­да­рын өсі­ру.
Бақ­ша да­қыл­да­рын өсі­ру, оның ішін­де қар­быз, қа­уын және ас­қа­бақ өсі­ру
Тал­шық­ты иірі­ле­тін да­қыл­да­рын өсі­ру
0116
Мақ­та, зығ­ыр өсі­ру
Мақ­та тұқы­мын өсі­ру
Өзге де мау­сым­дық да­қыл­дар­ды өсі­ру
0119
Тар­на, азық­тық қы­зы­л­ша, азық­тық көк, бе­де, жо­ңыш­қа, эс­пар­цет, азық­тық жү­ге­рі және өзге де шө­птер, азық­тық қы­рық­қа­бат пен қа­ра­пай­ым азық­тық өнім­дер өсі­ру
Қа­ра­құ­мық өсі­ру
Қы­зы­л­ша тұқы­мын (қант қы­зы­л­ша­сы тұқым­да­рын қо­с­па­ған­да) және азық­тық өсім­дік­тер тұқы­мын өсі­ру
Ше­кіл­де­уік­ті және сүй­ек­ті же­мі­стер өсі­ру
0124
Ше­кіл­де­уік­ті және сүй­ек­ті же­мі­стер: ал­ма, өрік, шие және тәт­ті шие, шаб­да­лы және жы­л­тыр шаб­да­лы, ал­мұрт және бе­же, қа­ра­өрік және шо­мырт өсі­ру
Мал­дың және қо­да­стың өзге де тұқым­да­рын өсі­ру
0142
Ет алу үшін ірі қа­ра мал мен қо­дас өсі­ру
Мал­дың сүт­ті тұқым­да­рын өсі­ру
0141
Мал­дың сүт­ті тұқым­да­рын өсі­ру және кө­бей­ту
Ши­кі сүт алу

3 «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым бағыттарға кредит беру тетігінің шеңберінде берілген қаражаттың игерілуі туралы ____________ мен ____________ аралығындағы кезеңге есеп

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 72 бұйрығына
3-қосымша
Кредиттер және технологиялық
жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын
сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл
шаруашылығы техникасының лизингі
бойынша сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша
Нысан
«Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің
кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820
қаулысымен бекітілген Басым бағыттарға кредит беру тетігінің шеңберінде берілген қаражаттың
игерілуі туралы ____________ мен ____________ аралығындағы кезеңге есеп
Индексі: № нысан
Кезеңділігі: ай сайынғы/ тоқсандық
Ұсынатын тұлғалар тобы: қаржы институттары. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы
Қайда ұсынылады: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Ұсыну мерзімі: қаржы институты Тетіктің әрекет ету мерзімі ішінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамына береді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-нан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне береді.
Жал­пы №
Банк
Об­лыс
ҚР об­лы­ста­ры­ның бө­лі­ні­сін­де Қарыз алушы­ның ата­уы
Заң­гер­лік мәр­те­бе­сі (ЖШС, ДК, ШҚ, ӨК)
Бе­рі­л­ген кү­ні
Қарыз мер­зі­мі, ай­лар
Қарыз со­ма­сы
Те­тік қа­ра­жа­ты­есе­бі­нен ма­құл­дан­ған қарыз со­ма­сы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
кестенің жалғасы
Банк қа­ра­жа­ты­ның есе­бі­нен ма­құл­дан­ған қарыз со­ма­сы
Іс жү­зін­де бе­рі­л­ген қа­ра­жат со­ма­сы
Те­тік қа­ра­жа­ты­есе­бі­нен іс жү­зін­де бе­рі­л­ген со­ма
Банк қа­ра­жа­ты­ның есе­бі­нен іс жү­зін­де бе­рі­л­ген со­ма
Негіз­гі бе­ре­шек­ті өтеу бой­ын­ша же­ңіл­дік ке­зе­ңі
Сый­а­қы­ны тө­леу бой­ын­ша же­ңіл­дік ке­зе­ңі
Кре­дит бой­ын­ша сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі
Кре­дит бой­ын­ша ти­ім­ді сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі
Кре­дит бе­ру объ­ек­ті­сі
10
11
12
13
14
15
16
17
18
кестенің жалғасы
Қарыз қа­ра­жа­ты­ның ны­са­на­лы мақ­са­ты (қарыз қа­ра­жа­ты­ның әр­бір ба­ғы­ты­ның ата­уы мен со­ма­сын көр­се­те оты­рып)
Іс­ке асы­ры­лу ор­ны (аудан, қа­ла)
ЖЭҚС бой­ын­ша сек­ци­я­сы
ЖЭҚС бой­ын­ша төрт таң­ба­лы сы­ны­бы
Жо­ба­ны іс­ке асы­ру есе­бі­нен құ­ры­ла­тын жа­ңа жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
ЕДБ Уәкі­лет­ті ор­га­ны ше­ші­мі­нің
№-і
ЕДБ Уәкі­лет­ті ор­га­ны ше­ші­мі­нің кү­ні
Жы­лы­на са­лық тө­лем­де­рі­нің жос­пар­лы со­ма­сы (ең жо­ға­ры жо­ба­лық қу­ат­ты­лы­ғы­на шық­қан кез­де), млн. тең­ге (биз­нес жос­пар негі­зін­де)
Жы­лы­на та­быст­ың жос­пар­лы со­ма­сы (ең жо­ға­ры жо­ба­лық қу­ат­ты­лы­ғы­на шық­қан кез­де), млн. тең­ге (биз­нес жос­па­ры­ның негі­зін­де)
Банк­тік қарыз шар­ты­ның/ Кре­дит­тік же­лі­ні ашу ту­ра­лы ке­лі­сім­нің №-і
Банк­тік қарыз шар­ты­ның/ Кре­дит­тік же­лі­ні ашу ту­ра­лы ке­лі­сім­нің кү­ні
Қа
рыз алу
шы­ның ЖСН-сы/ БСН-
сы
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
кестенің жалғасы
«Биз­не­стің жол кар­та­сы» биз­не­сті қол­дау мен да­мы­ту­дың мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сы­на қа­ты­суы (иә/жоқ)
Те­тік шең­бе­рін­де­гі ба­ғыт*
Же­ке кә­сіп­кер­лер субъ­ек­ті­ле­рі­нің са­на­ты (бұ­дан әрі – ЖКС)
(Ша­ғын биз­нес/Ор­та биз­нес/ірі биз­нес)
АӨК субъ­ек­ті­ле­рі­нің Бағ­дар­ла­ма­ның/Те­тіктің шар­тта­ры­на сәй­кест­і­гі (сәй­кес/сәй­кес емес)
АӨК субъ­ек­ті­сі жо­ба­сы­ның Бағ­дар­ла­ма­ның/Те­тіктің та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі (сәй­кес/сәй­кес емес)
31
32
33
34
35

4 «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым бағыттарға кредит беру тетігінің шеңберінде берілген қарыз шарттары бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы 20 ___ жылғы ____ тоқсан үшін есеп

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 72 бұйрығына
4-қосымша
Кредиттер және технологиялық
жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын
сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл
шаруашылығы техникасының лизингі
бойынша сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
7-қосымша
Нысан
«Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің
кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820
қаулысымен бекітілген Басым бағыттарға кредит беру тетігінің шеңберінде берілген қарыз шарттары
бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы 20 ___ жылғы ____ тоқсан үшін есеп
Индексі: № нысан
Кезеңділігі: тоқсандық
Ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне
Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне береді

Қарыз алушы­ның ата­уы
ЖСН/ БСН
Қарыз шар­ты­ның № және кү­ні
Қарыз шар­ты­ның со­ма­сы, тең­ге
Қарыз шар­ты­ның бү­кіл қол­да­ны­лу мер­зі­мі бой­ын­ша бар­лық көз­дел­ген суб­си­дия,
тең­ге
Бар­лық ауда­ры­л­ған суб­си­ди­я­лар, тең­ге
Об­лы­стың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла мен аста­на­ның ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы бас­қар­ма­сы қар­жы ин­сти­ту­ты­на
Қар­жы ин­сти­ту­ты қарыз алушы­ға
Бар­лы­ғы
оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де
Бар­лы­ғы
оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
кестенің жалғасы
Ауыт­қу (+, -) (+) ар­тық тө­лем, (-) же­тіс­пеу, тең­ге
Пай­да­ла­ныл­ма­ған суб­си­ди­я­лар­ды об­лы­стың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла мен аста­на­ның ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы бас­қар­ма­сы­на қай­та­ру (нақ­ты), тең­ге
Қар­жы ин­сти­ту­ты­ның ар­найы шо­тын­да­ғы суб­си­ди­я­лар­дың қал­ды­ғы
(11-ба­ған –
13-ба­ған),
тең­ге
ЖЭҚС бой­ын­ша төрт таң­ба­лы сы­ны­бы
Бар­лы­ғы (7-ба­ған- 9-ба­ған)
оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де
(8-ба­ған -10-ба­ған)
11
12
13
14
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінің жауапты адамы _____________________________________
(қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Мөр (бар болса) орны

Қолданыстағы