О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 апреля 2018 года № 487 «Об утверждении типового кодекса деловой и профессиональной этики оценщиков и требований к рассмотрению палатой оценщиков обращений касательно нарушения ее членами требований Закона Республики Казахстан от 10 января 2018 года «Об оценочной деятельности в Республике Казахстан», стандартов и правил палаты оценщиков»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 апреля 2018 года № 487 «Об утверждении типового кодекса деловой и профессиональной этики оценщиков и требований к рассмотрению палатой оценщиков обращений касательно нарушения ее членами требований Закона Республики Казахстан от 10 января 2018 года «Об оценочной деятельности в Республике Казахстан», стандартов и правил палаты оценщиков»
- Атауы (қаз.)
- «Бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексін және өз мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарды және бағалаушылар палатасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 487 бұйрығына өзгерісте
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 339
- Қабылданған күні
- 31.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2020 141156_454847.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020280
- ЭКБ идентификаторы
- 141156
- Редакция идентификаторы
- 141156_454847
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:20
0
«Бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексін және өз мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарды және бағалаушылар палатасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 487 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексін және өз мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарды және бағалаушылар палатасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі
№ 487 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16897 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 25 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өз мүшелерінің
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы
10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бағалаушылар палатасына өз мүшелерінің Заң, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты өтініштер міндетті түрде қабылдануы, тіркелуі, есепке алынуы, қаралуы, бақылануы, бақылаудан алынуы және өтініш берушіге өтінішті және қажет болған жағдайда, тексеру актісін қарау нәтижелері бойынша жауап жіберілуі тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мыналар:
1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш;
2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш қарауға жатпайды.»;
3 және 4 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтініш берушінің бағалаушылар палатасына өтінішінде бағалаушылар палатасы мүшесінің бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы көрсетіледі.
4. Бағалаушылар палатасы өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бағалаушылар палатасының мүшесіне қатысты өтініште жазылған бұзушылық фактілерін тексеруді тағайындайды.
Қаралуы үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге барып тексеру талап етілмейтін өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.
Қаралуы үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге барып тексеру талап етілетін жүгінім келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Бағалаушылар палатасы мамандандырылған органының тексеру нәтижелерін шағымдану туралы өтініш бойынша бағалаушылар палатасы алқалы басқару органының шешімі бағалаушылар палатасының алқалы басқару органы оны қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүгінушіге, бағалаушылар палатасының мүшесіне жіберіледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.