О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 6С-20/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаркаинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 6С-20/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаркаинском районе»
- Атауы (қаз.)
- «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 6С-20/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-29/2
- Қабылданған күні
- 22.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2020 125757_455561.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BL006825
- ЭКБ идентификаторы
- 125757
- Редакция идентификаторы
- 125757_455561
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:51
0 «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 6С-20/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 6С-20/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6559 тіркелген, 2018 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
2 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«8) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».
8 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
8 «8. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына;
зейнетақының ең төменгі мөлшері мен ең төменгі мөлшерінен де төмен зейнетақысы бар зейнеткерлерге;
1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышымен);
табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға);
жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектері бар отбасылар, аз қамтылған көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2 2) табиғи апат немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3 3) ең төмен күн көріс деңгейіне бір еселік қатынас шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.»;
9 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
2 «2) Қарт адамдар күніне:
зейнетақының ең төменгі мөлшері мен ең төменгі мөлшерінен де төмен зейнетақысы бар зейнеткерлерге;»;
14 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның немесе басқа да ұйымдардың ұсынымы бойынша Жарқайың ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың ауданының әкімі
М. Балпан
22 қазан 2018 жыл