Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 6С-20/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаркаинском районе»

Ереже · № 6С-35/2 · қабылданған 11.01.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2018-no-6-204-ekb-128617/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 6С-20/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаркаинском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 6С-35/2 ·11.01.2019
16.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 6С-20/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаркаинском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 6С-35/2 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 6С-20/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаркаинском районе»
Атауы (қаз.)
«Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 6С-20/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С-35/2
Қабылданған күні
11.01.2019
Көрсетілген редакция
16.04.2020 128617_455553.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19BL007053
ЭКБ идентификаторы
128617
Редакция идентификаторы
128617_455553
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:22

0 «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 6С-20/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 6С-20/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6559 тіркелген, 2018 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
6 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

6 «6. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы және күндерінің тізбесі:

1 1) 15 ақпан - Ауғанстаннан әскерді шығару күні;

2 2) 9 мамыр - Жеңіс күні;

3 3) 1 қазан - Қарт адамдар күні;

4 4) қазанның екінші жексенбісі - Мүгедектер күні.»;

9 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

9 «9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:

1 1) Ауғанстаннан әскерді шығару күніне:

Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатарындағы адамдарға;

2 2) Жеңіс Күніне:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына;

3 3) Қарт адамдар күніне:

Қарттар күніне орай өтініш берусіз, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар, ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;

4 4) Мүгедектер күніне:

1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың ауданының әкімі
М. Балпан
11 қаңтар 2019 жыл

Қолданыстағы