Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауского района от 26 марта 2018 года № 70 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Мангистауского района», районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета»

Қаулы · № 87 · қабылданған 15.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2018-no-70-ekb-165283/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауского района от 26 марта 2018 года № 70 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Мангистауского района», районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета» Қолданыста Қаулы ·№ 87 ·15.03.2022
15.03.2022 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауского района от 26 марта 2018 года № 70 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Мангистауского района», районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета»

Қолданыста Қаулы ·№ 87 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауского района от 26 марта 2018 года № 70 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Мангистауского района», районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета»
Атауы (қаз.)
«Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 70 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
87
Қабылданған күні
15.03.2022
Көрсетілген редакция
15.03.2022 165283_563728.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22ME00087A
ЭКБ идентификаторы
165283
Редакция идентификаторы
165283_563728
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:07

0

«Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы №70 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы №70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3560 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
41 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметінің қызметкерімен және Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электронды құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40 тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42 тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы