О внесении изменений в постановление акимата Мангистауского района от 26 марта 2018 года № 70 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Мангистауского района», районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мангистауского района от 26 марта 2018 года № 70 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Мангистауского района», районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета»
- Атауы (қаз.)
- «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 70 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 87
- Қабылданған күні
- 15.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 15.03.2022 165283_563728.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22ME00087A
- ЭКБ идентификаторы
- 165283
- Редакция идентификаторы
- 165283_563728
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:07
0
«Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы №70 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы №70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3560 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
41 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметінің қызметкерімен және Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электронды құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40 тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42 тармақ алынып тасталсын.