Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 января 2018 года № 73 «Об утверждении Правил совершения таможенной очистки товаров должностными лицами органов государственных доходов»

Бұйрық · № 1150 · қабылданған 08.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2018-no-73-ekb-160095/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 января 2018 года № 73 «Об утверждении Правил совершения таможенной очистки товаров должностными лицами органов государственных доходов» Қолданыста Бұйрық ·№ 1150 ·08.11.2021
08.11.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 января 2018 года № 73 «Об утверждении Правил совершения таможенной очистки товаров должностными лицами органов государственных доходов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1150 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 января 2018 года № 73 «Об утверждении Правил совершения таможенной очистки товаров должностными лицами органов государственных доходов»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1150
Қабылданған күні
08.11.2021
Көрсетілген редакция
08.11.2021 160095_544778.kaz
Соңғы өзгеріс
08.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025106
ЭКБ идентификаторы
160095
Редакция идентификаторы
160095_544778
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:04

0 «Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16346 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 1-тармағына, 148-бабының 3-тармағына, 180-бабының 7-тармағына, 182-бабының 9-тармағына, 185-бабының 5-тармағына, 187-бабының 11-тармағына, 190-баптың 4 және 9-тармақтарына, 192-бабының 4-тармағына, 194-бабының 10-тармағына, 536-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН»:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 1-тармағына, 148-бабының 3-тармағына, 180-бабының 7-тармағына, 182-бабының 9-тармағына, 185-бабының 5-тармағына, 187-бабының 11-тармағына, 190-баптың 4 және 9-тармақтарына, 192-бабының 4-тармағына, 194-бабының 10-тармағына, 536-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазарту мемлекеттік қызметін көрсету кезіндегі іс-қимылдарының дәйектілігін айқындайды
2. «Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және оның облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі –қызмет беруші) «АСТАНА-1» Кедендік және салықтық әкімшілдендіруді автоматтандыру жүйесі» (бұдан әрі – АЖ) арқылы көрсетеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жазбаша нысандағы кедендік декларациялау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органында қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ТД) пайдалана отырып, осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші істен шыққан сәттен бастап дереу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), көрсетілетін қызметті алушының атауы, қатеге әкеп соқтыратын іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпаратты, жүйенің істен шығуын растайтын скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып e-okno@mgd.kz электрондық пошта арқылы қолдау қызметіне сұрау жолдайды.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. әуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдануды уәкілетті лауазымды тұлға мынадай ережелерді ескере отырып жүзеге асырады:
1) кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысаны түрінде кедендік бақылауды жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға АЖ арқылы ЭТД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттарды тексеруді Кодекстің 410-бабына және осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлға жүзеге асырады.
Құжаттар ұсынылған және тауарлар шығарылғанға дейін оларды тексеру аяқталған, не кедендік бақылау нәтижелері өзге нысандарда, оның ішінде тауарлардың кедендік сараптамасында тексерілетін мәліметтердің анықтығын және (немесе) толықтығын растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Кодекстің 192-бабына сәйкес тауарларды шығаруды жүргізеді.
Егер құжаттарда мәліметтер болмаса немесе кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшеріне әсер ететін ЭТД-да мәлімделген мәліметтерді тиісті түрде растамаса, уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға Кодекстің 195-бабының талаптарын сақтай отырып, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну шартымен тауарларды шығаруды жүргізу мүмкіндігі туралы хабардар етеді.
Бұл ретте, уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы көрсетілетін қызмет алушыға «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есебі туралы» ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 112 шешімімен белгіленген нысан бойынша кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есебін жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын көрсетілген қамтамасыз етуді енгізген кезінде уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеуді жүргізеді және Кодекстің 195-бабына сәйкес кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталғанға дейін тауарларды шығаруды жүзеге асырады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға АЖ арқылы тауарларды шығару туралы және Кодекстің 409-бабының 4 және 8-тармақтарына сәйкес тауарларды шығарғанға дейін, шығарғаннан кейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жалғастыру туралы хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 410-бабы 2-тармағына сәйкес ЭТД тіркеген күннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін төрт сағаттан кеш емес мерзімде АЖ арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжатты жіберу жолымен тауарларды шығарудан бас тартуды жүзеге асырады.
Егер кедендік бақылау жүргізу кезінде ЕАЭО кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 9) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарына сәйкес олар жойылған кезде тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіз болмайды және көрсетілетін қызметті беруші осындай бұзушылықтарды жою үшін ЭТД мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) қажеттігін айқындаған, көрсетілетін қызметті берушінің талап етуі бойынша осындай мәліметтерді Кодекстің 193-бабы 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде көрсетілетін қызметтерді алушы өзгертеді (толықтырады);
2) уәкілетті лауазымды тұлға кедендік сараптаманы жүргізуі кезінде Кодекстің 54-тарауында, сондай-ақ осы Қағидалардың 35-тармағында айқындалған әрекеттерді жүзеге асырады.
3) тауарлар туралы мәлімделген мәліметтердің зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінде және ЕАЭО мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімінде қамтылған мәліметтерге, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарларды анықтауға мүмкіндік беретін, жоғарыда көрсетілген зияткерлік меншік объектілерінің тізіліміне енгізілмеген тауарлар туралы қосымша мәліметтерге сәйкестігін тексеру жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 198 және 199-баптарына сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау бойынша шараларды қабылдайды, сондай-ақ осы Қағидалардың 36-тармағында айқындалған әрекеттерді жасайды;
4) тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 413-бабы 2-тармағына сәйкес тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу бойынша әрекеттерді жүзеге асырады.
Уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу үшін кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) (ол болған кезде) жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар мамандандырылған (қарап тексеру тобына) бөлімшеге хабарлама жолдайды.
Тауарларға кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу кезінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға қызмет берушінің басшысына не оны алмастырушы тұлғаға анықталған бұзушылықтар туралы дереу жазбаша түрде хабарлайды және ӘҚбК-ге сәйкес шаралар қабылдайды.
Тауарларға кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар анықталған кезде, уәкілетті лауазымды тұлға қаржы мониторингі органының қылмыстық құқық бұзушылықтарды қарауға байланысты мәселелер құзыретіне кіретін тиісті бөлімшесіне осындай бұзушылықтар туралы ақпаратты береді.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 27-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынған кезде, уәкілетті лауазымды тұлға осындай құжаттарды ЭТД-да олар туралы мәлімделген мәліметтерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және олар расталған жағдайда, осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады.»;
91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«91. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Заңның 25-бабының 2- тармағына сәйкес қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2021 жылғы 8 қарашадағы № 1150
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларына
4-қосымша
«Та­у­ар­лар­ды ке­ден­дік та­зар­ту» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті­нің об­лы­стар, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
1) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру мер­зім­де­рі «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ке­ден­дік рет­теу ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі – Ко­декс) 193-ба­бы­ның нор­ма­ла­ры­мен бел­гі­лен­ген.
1. Та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру ке­ден­дік де­кла­ра­ция тір­кел­ген кез­ден ба­стап не Ко­дек­стің 193-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген мән-жай­лар­дың бі­рі ба­стал­ған кез­ден ба­стап 4 (төрт) са­ғат­тың ішін­де, ал, егер ке­ден­дік де­кла­ра­ция ке­ден ор­га­ны­ның жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­ға дей­ін 4 (төрт) са­ғат­тан аз уа­қыт қал­ған­да тір­кел­ген не Ко­дек­стің 193-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген мән-жай­лар­дың бі­ре­уі ке­ден ор­га­ны­ның жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­ға дей­ін 4 (төрт) са­ғат­тан аз уа­қыт қал­ған­да ба­стал­ған жағ­дай­лар­да, осы бап­та көз­дел­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, осы ке­ден ор­га­ны­ның жұ­мыс уа­қы­ты ба­стал­ған кез­ден ба­стап 4 (төрт) са­ғат­тың ішін­де аяқ­та­у­ға ти­іс.
2. Та­у­ар­лар­ды ал­дын ала ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­лау ке­зін­де Ко­дек­стің 193-ба­бын­да көз­дел­ген та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру мер­зім­де­рі мы­на­дай мән-жай­лар­дың бі­рі:
1) ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ны тір­ке­ген ке­ден ор­га­ны та­у­ар­лар­ды ке­ден­дік де­кла­ра­ци­яда көр­се­ті­л­ген ке­ден­дік ба­қы­лау ай­ма­ғын­да ор­на­ла­сты­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны ал­ған кез­де, ал су ке­ме­ле­рі та­сы­мал­дай­тын та­у­ар­лар­ға қа­ты­сты, – ке­ден ор­га­ны осы Ко­дек­стің 185-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғы­на сәй­кес ке­ден­дік де­кла­ра­ци­яда көр­се­ті­л­ген ке­лу ор­нын­да олар­ды тү­сі­ру­ге рұқ­сат бер­ген бол­са, – ке­ден­дік де­кла­ра­ци­яда мә­лім­дел­ген мә­лі­мет­тер­ді өзгер­ту (то­лық­ты­ру);
2) ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ны тір­ке­ген ке­ден ор­га­ны­ның та­у­ар­лар­ды ке­ден­дік де­кла­ра­ци­яда көр­се­ті­л­ген ке­ден­дік ба­қы­лау ай­ма­ғын­да ор­на­ла­сты­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны алуы, ал су ке­ме­ле­рі­мен та­сы­мал­да­на­тын та­у­ар­лар­ға қа­ты­сты – ке­ден ор­га­ны бе­рі­л­ген ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ға өзге­рі­стер­ді (то­лық­ты­ру­лар­ды) ен­гі­зу қа­жет­ті­гі­нің жоқ екен­ді­гі ту­ра­лы ха­бар­дар еті­л­ген не өзге­рі­стер (то­лық­ты­ру­лар) ке­ден­дік де­кла­ра­ци­яда мә­лім­дел­ген мә­лі­мет­тер­ге ке­ден ор­га­ны та­у­ар­лар­ды ке­ден­дік де­кла­ра­ци­яда көр­се­ті­л­ген ке­ден­дік ба­қы­лау ай­ма­ғы­на ор­на­ла­сты­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны ал­ған­ға неме­се осы Ко­дек­стің 185-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғы­на сәй­кес ке­ден­дік де­кла­ра­ци­яда көр­се­ті­л­ген ке­лу ор­нын­да тү­сі­ру­ге рұқ­сат­ты ал­ған­ға дей­ін ен­гі­зі­л­ген жағ­дай­да осы Ко­дек­стің 185-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғы­на сәй­кес олар­ды ке­ден­дік де­кла­ра­ци­яда көр­се­ті­л­ген ке­лу ор­нын­да тү­сі­ру­ге ар­нал­ған рұқ­сат­ты ке­ден ор­га­ны­ның бе­руі ба­стал­ған кез­ден ба­стап есеп­те­ле­ді.
3. Егер Ко­дек­стің 193-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген уа­қыт­тың ішін­де мы­на­дай мән-жай­лар­дың бі­рі:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Ко­дек­стің 410-ба­бы­ның 1 және 4-тар­мақ­та­ры­на сәй­кес ке­ден­дік де­кла­ра­ци­яда мә­лім­дел­ген мә­лі­мет­тер­ді рас­тай­тын құ­жат­тар­ға сұ­рау сал­ған және (неме­се) ке­ден­дік ба­қы­ла­уды өзге ны­сан­дар­да жүр­гі­зу ту­ра­лы не ке­ден­дік ба­қы­ла­уды жүр­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ете­тін ша­ра­лар­ды қол­да­ну ту­ра­лы ше­шім қа­был­дан­ған;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Ко­дек­стің 183-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­на сәй­кес ке­ден­дік де­кла­ра­ци­яда мә­лім­дел­ген мә­лі­мет­тер­ді өзгер­ту (то­лық­ты­ру) ту­ра­лы дәлел­ді өті­ні­шпен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гін­ген;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Ко­дек­стің 183-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес ке­ден­дік де­кла­ра­ци­яда мә­лім­дел­ген мә­лі­мет­тер­ді өзгер­ту (то­лық­ты­ру) ту­ра­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің та­ла­бын орын­да­ма­ған жағ­дай­да, та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру ке­ден­дік де­кла­ра­ция тір­кел­ген күн­нен не Ко­дек­стің 193-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген мән-жай­лар­дың бі­рі ба­стал­ған күн­нен кей­ін­гі 1 (бір) жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­ті­ріл­мей аяқ­та­лу­ға ти­іс.
4. Ко­дек­стің 193-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру мер­зі­мі:
1) Ко­дек­сте көз­дел­ген ке­ден­дік ба­қы­лау ны­сан­да­рын және (неме­се) ке­ден­дік ба­қы­лау жүр­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ете­тін ша­ра­лар­ды қол­да­на оты­рып, ке­ден­дік ба­қы­ла­уды жүр­гі­зу неме­се ба­стал­ған ке­ден­дік ба­қы­ла­уды аяқ­тау;
2) ке­ден ор­га­ны­ның Ко­дек­стің 183-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес ке­ден­дік де­кла­ра­ци­яда мә­лім­дел­ген мә­лі­мет­тер­ді өзгер­ту (то­лық­ты­ру) ту­ра­лы та­ла­бын орын­дау;
3) Ко­дек­стің 195 және 196-бап­та­ры­на сәй­кес ке­ден­дік баж­дар­ды, са­лық­тар­ды, ар­найы, дем­пинг­ке қар­сы, өте­ма­қы баж­да­рын тө­леу жө­нін­де­гі мін­дет­тің орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету­ді ұсы­ну үшін қа­жет уа­қыт­қа ұзар­ты­луы мүм­кін.
5. Та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру мер­зі­мі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­сы­ның, ол уәкі­лет­тік бер­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­сы орын­ба­са­ры­ның не олар­ды ал­ма­сты­ра­тын тұ­лға­лар­дың рұқ­са­ты­мен ұзар­ты­ла­ды.
6. Та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру мер­зі­мін ұзар­ту ке­зін­де, егер Ко­дек­сте өзге бел­гі­лен­бе­се, та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ке­ден­дік де­кла­ра­ция тір­кел­ген күн­нен кей­ін­гі күн­нен ба­стап не Ко­дек­стің 193-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген мән-жай­лар­дың бі­рі ба­стал­ған күн­нен ба­стап 10 (он) жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей аяқ­та­у­ға ти­іс.
Ке­ден­дік тран­зит ке­ден­дік рә­сі­мі­мен ор­на­ла­сты­ры­ла­тын та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру мер­зі­мін ұзар­ту ке­зін­де та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші тран­зит­тік де­кла­ра­ция тір­кел­ген күн­нен кей­ін­гі күн­нен ба­стап, не Ко­дек­стің 193-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген мән-жай­лар­дың бі­рі ба­стал­ған күн­нен ба­стап 5 (бес) жұ­мыс күн­нен ке­шік­тір­мей аяқ­та­у­ға ти­іс.
7. Егер ке­ден­дік, өзге де құ­жат­тар­ды және (неме­се) мә­лі­мет­тер­ді тек­се­ру Ко­дек­стің 193-ба­бы­ның 6-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген мер­зім­де аяқ­тал­май­тын бол­са және Ко­дек­стің 195-ба­бы­на сәй­кес та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру Ко­дек­стің 195-ба­бы­ның 5-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­да жүр­гі­зіл­мей­тін бол­са, та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру мер­зі­мі Ко­дек­стің 193-ба­бы­ның 6-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген мер­зім өт­кен күн­нен кей­ін­гі күн­нен ба­стап көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­сы­ның, ол уәкі­лет­тік бер­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­сы орын­ба­са­ры­ның не олар­ды ал­ма­сты­ра­тын адам­дар­дың рұқ­са­ты­мен осын­дай тек­се­ру жүр­гі­зу мер­зі­міне ұзар­ты­ла­ды.
8. Егер ке­ден­дік са­рап­та­ма та­ғай­ын­дал­ған және оны аяқ­тау үшін Ко­дек­стің 193-ба­бы­ның 6-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген мер­зім­ге қа­ра­ған­да ана­ғұр­лым ұзақ мер­зім қа­жет болған және Ко­дек­стің 196-ба­бы­на сәй­кес ке­ден­дік баж­дар­ды, са­лық­тар­ды, ар­найы, дем­пинг­ке қар­сы, өте­ма­қы баж­да­рын тө­леу жө­нін­де­гі мін­дет­тің орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету ұсы­ныл­ма­ған не Ко­дек­стің 196-ба­бы­на сәй­кес та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру­ды Ко­дек­стің 196-ба­бы­ның 5-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­да жүр­гі­зу мүм­кін бол­ма­ған жағ­дай­да, та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру мер­зі­мі Ко­дек­стің 193-ба­бы­ның 6-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген мер­зім өт­кен күн­нен кей­ін­гі күн­нен ба­стап ке­ден­дік са­рап­та­ма жүр­гі­зу мер­зі­міне көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­сы­ның, ол уәкі­лет­тік бер­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­сы орын­ба­са­ры­ның не олар­ды ал­ма­сты­ра­тын адам­дар­дың рұқ­са­ты­мен ұзар­ты­ла­ды.
9. Та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру мер­зі­мі Ко­дек­стің 193-ба­бы­ның 4, 5, 6, 7 және 8-тар­мақ­та­ры­на сәй­кес ұзар­ты­л­ған кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға рұқ­сат бе­рі­л­ген күн­нен кей­ін­гі бір жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру мер­зі­мін ұзар­ту негіз­де­рін көр­се­те оты­рып, осын­дай ұзар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма жі­бе­ре­ді.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық неме­се қа­ғаз тү­рін­де.
(қа­ғаз (жа­з­ба­ша) ны­сан­да, егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші пай­да­ла­на­тын ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­дің тех­ни­ка­лық ір­кі­лі­стер­ден, бай­ла­ныс құ­рал­да­ры­ның (те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лық же­лі­лер мен ин­тер­нет) жұ­мысын­да­ғы ақа­улық­тар­дан, электр энер­ги­я­сы­ның ажы­ра­ты­луы­нан, ава­ри­ядан, ең­се­ріл­мей­тін кү­ш­тің әсе­рі­нен неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші пай­да­ла­на­тын ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­дің жа­рам­сызды­ғы­на әкеп соқ­қан өзге де мән-жай­лар­дан туын­да­ған, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші пай­да­ла­на­тын ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­дің ақа­улы­ғы­на бай­ла­ны­сты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық ны­сан­да ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ла­уды іс­ке асы­руын қам­та­ма­сыз ету­ге мүм­кін­ді­гі бол­ма­са, жү­зе­ге асы­ры­луы мүм­кін).
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ла­у­а­зым­ды ада­мы қа­был­да­ған, оның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған, оның ішін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға, сон­дай-ақ мүд­де­лі тұ­лға­лар­ға ақ­па­рат­тық жүйе ар­қы­лы бір мез­гіл­де ха­бар­дар ете оты­рып, та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру ше­ші­мі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның 9-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру­дан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім тү­рін­де­гі мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
«Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­ган­да­ры өн­ді­ріп ала­тын ке­ден­дік алым­дар­дың мөл­шер­ле­ме­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2018 жы­л­ғы 5 сәу­ір­де­гі № 171 қа­улы­сы­мен бел­гі­лен­ген та­у­ар­лар­ды ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­лау үшін ке­ден­дік алым­дар алы­на­ды.
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың Ке­ден ко­дек­сі­нің 460-ба­бы­ның негі­зін­де «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ке­ден ісі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 1995 жы­л­ғы 20 шіл­де­де­гі За­ңы­на сәй­кес қол­да­ны­ла­тын жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ке­лі­сім­шар­ттар шең­бе­рін­де өт­кі­зі­ле­тін та­у­ар­лар­ды де­кла­ра­ци­я­лау ке­зін­де заң­ды және же­ке тұ­лға­лар өт­кі­зе­тін та­у­ар­лар­ды ке­ден­дік ре­сім­деу үшін ке­ден­дік алым­дар «Ке­ден тө­лем­де­рі­нің став­ка­ла­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 1995 жы­л­ғы 7 қа­ра­ша­да­ғы қа­улы­сы­на сәй­кес ке­ден­дік құн­ның 0,2%-ы мөл­ше­рін­де, та­у­ар­лар мен кө­лік құ­рал­да­рын ол үшін бел­гі­лен­ген орын­дар­дан тыс және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс уа­қы­ты­нан тыс ке­ден­дік ре­сім­де­ге­ні үшін ке­ден­дік құн­ның 0,4% мөл­ше­рін­де алы­на­ды.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1-1) жоқ
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті) – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, тәу­лік бойы жұ­мыс ре­жи­мі бел­гі­лен­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 15.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 19.30-ға дей­ін.
1-1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті­нің об­лы­стар, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган­да­ры) – тәу­лік бойы жұ­мыс ре­жи­мі бел­гі­лен­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ні қо­с­па­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
2) пор­тал және ақ­па­рат­тық жүйе: жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
ЭДТ бе­ру, тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру жүй­е­сі­нің ке­ден­дік, өзге де құ­жат­тар­ды және (неме­се) мә­лі­мет­тер­ді тек­се­ру тү­рін­де­гі ке­ден­дік ба­қы­лау ны­са­нын ай­қын­да­уды қо­с­па­ған­да, он­да мә­лім­дел­ген мә­лі­мет­тер­ді рас­тай­тын құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ұсы­нуы­мен сүй­е­мел­ден­бей­ді.
ТД-ны қа­ғаз жет­кіз­гіш­те бе­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге ТД-да мә­лім­дел­ген мә­лі­мет­тер­ді рас­тай­тын қа­ғаз жет­кіз­гіш­те­гі құ­жат­тар­ды, сон­дай-ақ оның элек­трон­дық тү­рін ұсы­ну­мен сүй­е­мел­де­не­ді.
Мұн­дай құ­жат­тар­ға мы­на­лар жа­та­ды:
1) та­у­ар­лар­мен мәмі­ле жа­сал­ға­нын рас­тай­тын құ­жат­тар, ал мұн­дай мәмі­ле бол­ма­ған жағ­дай­да – та­у­ар­лар­ды ие­ле­ну, пай­да­ла­ну және (неме­се) олар­ға би­лік ету құқы­ғын рас­тай­тын өзге де құ­жат­тар, сон­дай-ақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ие­лі­гін­де­гі өзге де ком­мер­ци­я­лық құ­жат­тар;
2) кө­лік­тік (та­сы­мал­дау) құ­жат­тар;
3) тый­ым са­лу­лар мен шек­те­улер­дің, іш­кі на­рық­ты қор­ғау ша­ра­ла­ры­ның сақ­та­луын рас­тай­тын құ­жат­тар;
4) та­у­ар­лар­дың шы­ға­ры­луы ту­ра­лы құ­жат­тар;
5) ке­ден­дік тө­лем­дер­дің, са­лық­тар­дың, ар­найы, дем­пинг­ке қар­сы, өте­ма­қы баж­да­ры­ның тө­лен­ге­нін және (неме­се) ке­ден­дік баж­дар­ды, са­лық­тар­ды, ар­найы, дем­пинг­ке қар­сы, өте­ма­қы баж­да­рын тө­леу жө­нін­де­гі мін­дет­тер­дің орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету­ді рас­тай­тын құ­жат­тар;
6) ке­ден­дік тө­лем­дер­ді, са­лық­тар­ды тө­леу бой­ын­ша же­ңіл­дік­тер бе­ру мақ­сат­та­ры мен шар­тта­ры­ның сақ­та­луын рас­тай­тын құ­жат­тар.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1. Ко­дек­стің 182-ба­бы­ның 5-тар­ма­ғы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мы­на­дай негіз­дер бой­ын­ша ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ны тір­ке­уден бас тар­та­ды:
1) ке­ден­дік де­кла­ра­ция ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­лар­ды тір­ке­у­ге құқы­ғы жоқ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге бе­ріл­се;
2) ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ны уәкі­лет­ті емес тұл­ға бер­се және (неме­се) оған қол қой­ыл­ма­са не ти­іс­ті түр­де ку­әлан­ды­рыл­ма­са;
3) ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­лау ны­са­ны сақ­тал­ма­са;
4) ке­ден­дік де­кла­ра­ци­яда Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың ке­ден заң­на­ма­сы­на сәй­кес көр­се­ті­лу­ге жа­та­тын мә­лі­мет­тер көр­се­тіл­ме­ген және (неме­се) ке­ден­дік де­кла­ра­ция оны тол­ты­ру­дың бел­гі­лен­ген тәр­ті­біне сәй­кес тол­ты­рыл­ма­ған бол­са;
5) қа­ғаз жет­кіз­гіш­те­гі ке­ден­дік де­кла­ра­ция бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша жа­сал­ма­ған және (неме­се) қа­ғаз жет­кіз­гіш­те­гі элек­трон­дық ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ның неме­се ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ның элек­трон­дық тү­рі­нің құ­ры­лы­мы мен фор­ма­ты осын­дай құ­жат­тар­дың бел­гі­лен­ген құ­ры­лым­да­ры мен фор­мат­та­ры­на сәй­кес кел­ме­се;
6) Ко­дек­стің 180-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген та­у­ар­лар­ды не Ко­дек­стің 180-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес Ко­мис­сия ай­қын­да­ған жағ­дай­лар­да­ғы та­у­ар­лар­ды қо­с­па­ған­да, олар­ға қа­ты­сты ке­ден­дік де­кла­ра­ция бе­рі­ле­тін та­у­ар­лар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да бол­ма­са;
7) Ко­дек­с­ке және (неме­се) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ны бер­ген­ге дей­ін неме­се бе­ру­мен бір мез­гіл­де жа­са­лу­ға ти­іс әре­кет­тер жа­сал­ма­са;
8) Ко­дек­стің 188, 189-бап­та­рын­да ай­қын­дал­ған, ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ны бер­ген­ге дей­ін неме­се бе­ру­мен бір мез­гіл­де сақ­та­лу­ға ти­іс та­у­ар­лар­ды ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ла­удың ерекше­лік­те­рі сақ­тал­ма­са;
9) ке­ден­дік алым­дар­ды тө­леу бой­ын­ша же­ңіл­дік­тер бе­ру жағ­дай­ла­рын, Ко­дек­стің 80-ба­бы­на сәй­кес ке­ден­дік алым­дар тө­лен­бей­тін жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­лау үшін ке­ден­дік алым тө­лен­бе­ген жағ­дай­лар­да.
2. Ко­дек­стің 201-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мы­на­дай негіз­дер бой­ын­ша та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру­дан бас тар­та­ды:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру ке­зін­де жүр­гі­зе­тін шар­ттар­дың, оның ішін­де Ко­дек­стің 194, 195, 196 және 197-бап­та­рын­да көз­дел­ген шар­ттар­дың, сон­дай-ақ же­ке пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған та­у­ар­лар­ға, ха­лы­қа­ра­лық та­сы­мал­да­удың кө­лік құ­рал­да­ры­на және ке­рек-жа­рақ­тар­ға қа­ты­сты шар­ттар­дың орын­да­мауы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің Ко­дек­стің 183-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­да, ке­ден­дік де­кла­ра­ци­яда мә­лім­дел­ген мә­лі­мет­тер­ді өзгер­ту (то­лық­ты­ру) ту­ра­лы та­лап­та­рын орын­да­мау;
3) ал­дын ала ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­лау ке­зін­де Ко­дек­стің 185-ба­бы­ның 7-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген мән-жай­лар­дың ба­ста­луы;
4) мер­зім­ді ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­лау ке­зін­де Ко­дек­стің 187-ба­бы­ның 1 және 2-тар­мақ­та­рын­да көз­дел­ген осын­дай ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­лау ерекше­лік­те­рі­нің сақ­тал­мауы және (неме­се) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­да ке­ден­дік тө­лем­дер­ді, ар­найы, дем­пинг­ке қар­сы, өте­ма­қы баж­да­рын, пай­ы­здар­ды және (неме­се) өсім­пұл­дар­ды тө­леу бой­ын­ша бел­гі­лен­ген мер­зім­де орын­дал­ма­ған мін­дет­тің бо­луы;
5) Ко­дек­стің 193-ба­бы­ның 3 және 6-тар­мақ­та­рын­да бел­гі­лен­ген та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру мер­зім­де­рі ше­гін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің та­ла­бы бой­ын­ша та­у­ар­ды көр­сет­пеу;
6) Ко­дек­стің 198-ба­бы­ның 6 және 11-тар­мақ­та­рын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру мер­зі­мін жа­ңарт­пау;
7) Ко­дек­стің 410-ба­бы­ның 2 және 7-тар­мақ­та­рын­да көз­дел­ген та­лап­тар­ды орын­да­мау;
8) жо­ла­у­шы­лар ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­сын­да мә­лім­дел­ген та­у­ар­лар­ды Ко­дек­стің 339-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғы­на сәй­кес же­ке пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған та­у­ар­лар­ға жат­қы­з­бау;
9) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің та­у­ар­ла­ры­на ке­ден­дік ба­қы­лау жүр­гі­зу ке­зін­де: әкім­ші­лік неме­се қыл­мыстық іс қоз­ғау үшін негіз бо­лып та­был­май­тын анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар жой­ы­л­ған;
анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар жой­ы­л­ған және де­кла­ра­ци­я­ла­на­тын та­у­ар­лар алын­ба­ған және олар­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­на сәй­кес тый­ым са­лын­ба­ған;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты банк­рот­тық ту­ра­лы іс қоз­ғал­ған жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың ке­ден заң­на­ма­сын және (неме­се) ке­ден­дік және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өзге де заң­на­ма­сын бұ­зу­шы­лық­тар­ды анық­тау.
10
Мем­ле­кет­тік, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған – www.​kgd.​gov.​kz, www.​minfin.​gov.​kz.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет», Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры: 1414, 8-800-080-7777.

Қолданыстағы