Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 918 «Об утверждении Правил разработки, согласования, экспертизы, утверждения, регистрации, учета, изменения, пересмотра, отмены и введения в действие национальных стандартов (за исключением военных национальных стандартов), национальных классификаторов технико-экономической информации и рекомендаций по стандартизации»

Бұйрық · № 331-нқ · қабылданған 19.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2018-no-918-ekb-200872/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 918 «Об утверждении Правил разработки, согласования, экспертизы, утверждения, регистрации, учета, изменения, пересмотра, отмены и введения в действие национальных стандартов (за исключением военных национальных стандартов), национальных классификаторов технико-экономической информации и рекомендаций по стандартизации» Қолданыста Бұйрық ·№ 331-нқ ·19.09.2024
19.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 918 «Об утверждении Правил разработки, согласования, экспертизы, утверждения, регистрации, учета, изменения, пересмотра, отмены и введения в действие национальных стандартов (за исключением военных национальных стандартов), национальных классификаторов технико-экономической информации и рекомендаций по стандартизации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 331-нқ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 918 «Об утверждении Правил разработки, согласования, экспертизы, утверждения, регистрации, учета, изменения, пересмотра, отмены и введения в действие национальных стандартов (за исключением военных национальных стандартов), национальных классификаторов технико-экономической информации и рекомендаций по стандартизации»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 918 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
331-нқ
Қабылданған күні
19.09.2024
Көрсетілген редакция
19.09.2024 200872_720413.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035093
ЭКБ идентификаторы
200872
Редакция идентификаторы
200872_720413
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:36

0

«Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 918 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 918 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18075 болып тіркелген) бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларында:
12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«12. Әзірлеуші стандарттау жөніндегі құжаттарды стандарттау объектісіне байланысты мынадай тұлғаларға:
1) әзірлеуге тапсырыс берушіге (болған жағдайда);
2) олардың құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдарға;
3) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына;
4) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды пайдаланушыларға;
5) заңды тұлғалардың қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы салалық бірлестіктеріне (қызмет бағытына сәйкес);
6) аккредиттеу субъектілеріне (аккредиттеу саласына сәйкес);
7) ғылыми-зерттеу институттарына және/немесе зерттеу зертханаларына (болған жағдайда) келісуге жібереді.
Ұлттық стандарттарды әзірлеу уәкілетті органның келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеу уәкілетті органның және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Ұлттық стандарттау жүйесінің өзге де мүдделі субъектілері стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде немесе СҰО интернет-ресурсында қарастырады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі

Қолданыстағы