Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 919 «Об утверждении Правил создания, работы и ликвидации технических комитетов по стандартизации»

Бұйрық · № 416-НҚ · қабылданған 01.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2018-no-919-ekb-189483/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 919 «Об утверждении Правил создания, работы и ликвидации технических комитетов по стандартизации» Қолданыста Бұйрық ·№ 416-НҚ ·01.12.2023
01.12.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 919 «Об утверждении Правил создания, работы и ликвидации технических комитетов по стандартизации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 416-НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 919 «Об утверждении Правил создания, работы и ликвидации технических комитетов по стандартизации»
Атауы (қаз.)
«Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 919 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
416-НҚ
Қабылданған күні
01.12.2023
Көрсетілген редакция
01.12.2023 189483_668429.kaz
Соңғы өзгеріс
01.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033721
ЭКБ идентификаторы
189483
Редакция идентификаторы
189483_668429
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:14

0 «Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 919 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 919 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18082 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. ТК қызметін қамтамасыз ету, хат-хабар жүргізу, ТК отырысына құжаттарды дайындау және ресімдеу мақсатында төраға, оның орынбасары (қажет жағдайда), жауапты хатшысынан және шет тілін білетін сарапшыдан тұратын хатшылық жұмыс істейді.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. ТК жұмыс жоспары жоспарланған жұмыстарды орындайтын жыл алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейін СҰО жіберіледі.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. ТК мынадай жағдайларда:
1) осы Қағидаларда және негізге алынатын ұлттық стандартта көрсетілген функцияларды орындамаған кезде;
2) ТК бастамасы бойынша (негіздемесімен);
3) қанағаттанарлықсыз рейтингтік бағалау кезінде, сондай-ақ екі жыл ішінде жыл қорытындысы бойынша ТК қызметі туралы есеп ұсынылмаған кезде таратылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы