Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 июля 2019 года № 123 «Об утверждении Правил определения размеров и порядка компенсационных выплат при служебных командировках работников государственных учреждений, содержащихся за счет средств бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан»

Қаулы · № 109 · қабылданған 25.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2019-no-123/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 июля 2019 года № 123 «Об утверждении Правил определения размеров и порядка компенсационных выплат при служебных командировках работников государственных учреждений, содержащихся за счет средств бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 109 ·25.12.2023
25.12.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 июля 2019 года № 123 «Об утверждении Правил определения размеров и порядка компенсационных выплат при служебных командировках работников государственных учреждений, содержащихся за счет средств бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 109 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 июля 2019 года № 123 «Об утверждении Правил определения размеров и порядка компенсационных выплат при служебных командировках работников государственных учреждений, содержащихся за счет средств бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
109
Қабылданған күні
25.12.2023
Көрсетілген редакция
25.12.2023 191556_679031.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033878
ЭКБ идентификаторы
191556
Редакция идентификаторы
191556_679031
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:24

0

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 123 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19205 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес іссапар жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс басқа жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға, сондай-ақ кәсіби біліктілікті тануға жіберу болып табылады.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тәулiкақы iссапарда болған күнтізбелік күндер, оның ішінде жолда болған уақыт үшiн мынадай мөлшерде төленеді:
1) қызметкерлерге (Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін, жұмыс берушінің жедел және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген қызметкерлерін қоспағанда) – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін, жұмыс берушінің жедел және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген қызметкерлеріне – 7 (жеті) АЕК.
6. Тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары мынадай мөлшерде төленеді:
1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына және оның орынбасарларына:
Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларында – тәулігіне 20 (жиырма) АЕК;
Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында (Атырау, Ақтау қалаларын қоспағанда) және басқа қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасы облыстарының аудан орталықтарында – тәулігіне 15 (он бес) АЕК;
2) өзге қызметкерлерге:
Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларында – тәулігіне 15 (он бес) АЕК;
Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында (Атырау, Ақтау қалаларын қоспағанда) және басқа қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасы облыстарының аудан орталықтарында – тәулігіне 12 (он екі) АЕК.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Әуе көлігімен межелі жерге бару және кері қайту шығыстары мынадай мөлшерде:
1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына - «Бизнес» сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша, ал ұшу ұзақтығы бес сағаттан асатын кезде (тікелей ұшу) бірінші сыныпты әуе билетінің құны бойынша;
2) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарларына, сондай-ақ жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналысы бөлімшесінің бас дизайнеріне - «Бизнес» сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша;
3) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына - «Эконом» сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша, ал ұшу ұзақтығы төрт сағаттан асатын кезде (тікелей ұшу) «Бизнес» сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша;
4) инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін, жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің қызметкерлеріне - «Эконом» сыныбындағы, ал ол болмаған кезде жүк тасу шығыстарының құнын қоса алғанда, «Бизнес» сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша;
5) өзге қызметкерлерге - «Эконом» сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша, ал ұшу ұзақтығы бес сағаттан асатын кезде (тікелей ұшу) «Эконом» сыныбының жақсартылған шағын сыныптары бойынша төленеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Адам капиталын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы