О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2019 года № 142 «О некоторых вопросах Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан и Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2019 года № 142 «О некоторых вопросах Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан и Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 486
- Қабылданған күні
- 30.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 145222_675821.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000486
- ЭКБ идентификаторы
- 145222
- Редакция идентификаторы
- 145222_675821
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:21
0 «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 142 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 5-6, 64-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:
16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жүзінші, жүз бірінші және жүз екінші абзацтармен толықтырылсын:
«бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидаларын бекіту;».