О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2019 года № 142 «О некоторых вопросах Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2019 года № 142 «О некоторых вопросах Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1006
- Қабылданған күні
- 15.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 175549_675823.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200001006
- ЭКБ идентификаторы
- 175549
- Редакция идентификаторы
- 175549_675823
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:00
0 «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 142 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
186) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«186) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосуларда және хабарларда көтеріп отырған жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингті және анықтауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 186-1) тармақшамен толықтырылсын:
«186-1) жолданымдарды қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, формальды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру;».