О внесении изменений в постановление акимата Тимирязевского района от 26 августа 2019 года № 165 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Тимирязевского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Тимирязевского района от 26 августа 2019 года № 165 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Тимирязевского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» Тимирязев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 165 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 273
- Қабылданған күні
- 28.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 28.10.2021 160408_545286.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21SL025281
- ЭКБ идентификаторы
- 160408
- Редакция идентификаторы
- 160408_545286
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:11
0 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік
Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» Тимирязев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 165 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Тимирязев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5549 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
осы қаулының қосымшасына сәйкес, көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Тимирязев аудандық маслихаты
1 2021 жылғы 28 қазандағы
№ 273 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев аудан әкімдігінің
2019 жылғы 26 тамыздағы
№ 165 қаулысына
қосымша
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
1 1) халықты жұмыспен қамту орталығының аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2 2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3 3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент - біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар;
4 4) ассистент;
5
5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар; 6) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;