О внесении изменения в решение Иртышского районного маслихата от 26 апреля 2019 года № 167-39-6 «О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Иртышского района на 2019 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Иртышского районного маслихата от 26 апреля 2019 года № 167-39-6 «О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Иртышского района на 2019 год»
- Атауы (қаз.)
- Ертіс аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 сәуірдегі «2019 жылға арналған Ертіс ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» № 167-39-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 198-45-6
- Қабылданған күні
- 24.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 24.09.2019 134934_422189.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PG006552
- ЭКБ идентификаторы
- 134934
- Редакция идентификаторы
- 134934_422189
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:25
0 Ертіс аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 сәуірдегі
«2019 жылға арналған Ертіс ауданының ауылдық елді мекендеріне
жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»
№ 167-39-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» № 183 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ертіс аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 сәуірдегі «2019 жылға арналған Ертіс ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» № 167-39-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6330 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;».